10 күдікті – 1 қылмыскер. Неонуар жанрындағы «Мафия» толықметрі үлкен экранға жол тартты! Кино саспенс пен экшн сахналардан құралған. Фильм желісі бойынша кейіпкерлер нағыз баскесерді іздейді. Десе де лентаның бірден бір ерекшелігі:
Рамазан Амантай, кинопродюсер, актер:
– Мафия фильмінің бірнеше нұсқасы бар. Нақты санын айта алмаймын. Ол 6 болуы мүмкін, ол 10 болуы мүмкін.
«Мафия» фильмін бір рет көру жеткіліксіз! Неге десеңіз жоба авторлары көрермен санын көбейту мақсатында өте ұтымды тактика қолданған. Нақтырақ айтсақ, толықметрдің соңы әртүрлі аяқталады. Бұл шешім көрерменнің «Мафия кім?» деген сұрақты талқылауына ықпал ететіні сөзсіз. Ал бұл ерекше идеяның авторы - картина режиссері - Дархан Сәркенов.
Лентаның тағы бір ерекшелігі жаңа жобада актерлер біраз трансформациядан өтіп, өздерін басқа амплуада көрген екен:
Нарқыз Айдарова, актриса:
– Менің табиғатыма қарама-қайшы рөл болды. Осы уақытқа дейін сомдаған рөлдерімнің ішінде ең ерекше рөлдерімнің бірі.
Жақсылық Айтқұрман, актер:
– Сөйлеу мәнері қатты қинады мені. Баяу сөйлеуім керек болды. Ал мен өзім тез сөйлеймін.
Жақсылық Айтқұрман детектив рөліне түсірілім басталардан 3 күн бұрын ғана бектілген-ді. Актердің айтуынша, ол кейіпкерін ашуға барын салған екен. Соған орай қаламақыны да жақсылап сұраған сыңайлы:
– Қай актер ең қымбат гонорар алды?
Рамазан Амантай, кинопродюсер, актер:
– Жакс.
– Қанша?
– 7 миллион. Жакс достыққа қараған жоқ.
– Өкпелісіз бе?
– Аздап. Жакс «Zamanback» фильмінен кейін аздап жұлдыз ауруына шалдыққан сияқты.
– Тағы кім жұлдыз ауруымен шалдығыпты?
– Баконай мен Наргиз.
– Оларда көп гонорар сұрады ма?
– Жакстан сәл аздау.
Кинопродюсердің бұл сөзіне қарап актер Жақсылық Айтқұрманға құдды бір өкпелеп қалған дерсің. Алайда бұл жақын достардың кішігірім түсініспеушілігі деп есептейік. Айта кетейік, Рамазан Амантай «Мафия» фильмін түсіруге жалпы құны 180 миллион қаражат жұмсаған екен. Ал туынды авторларына қолдау көрсеткендердің қатарында Серік Ибрагимов те табылған-ды:
Серік Ибрагимов, кинопродюсер, әнші:
– Мен жай креативті продюсермін. Рамазанның киносы болғаннан кейін, алғашқы үлкен жобасы болғаннан кейін, қолдап қасында жүрдім.
Ал біз премьераға келген бірқатар танымал өнер өкілдерінің пікірлерін де білдік.
Ильхан Ихсан, музыкант:
– Өте керемет. Миым сәл айналып тұр. Өйткені әртүрлі жақта әртүрлі кейіпкер мафия болып шығыпты. Мен түсіне алмай жатырмын...
Нұрболхан Шарапов, әзілкеш, актер:
– Әдетте басқа жабық көрсетілімге келген кезде телефонға көп алаңдайтынбыз. Мына картинаны бір деммен көрдім. Netflix мынау реально.
Sabirkin, блогер:
– Фильм өте қызық, өте ерекше түсірілген. Бұндай форматтар біздің Қазақстан киномотографиясында алғашқы болып тұрған сияқты иа.