Сахнада 22 жыл! Бағлан Әбдірайымов алғашқы жеке концертін өткізбек!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Сен мен үшін армансың,

Жанды жаулап алғансың...» Осылайша әндетіп, эстарадаға аяқ басқан жігіттер лезде тыңдарманның жүрегін жаулап, талай арудың арманына айналған еді. «Ерке қыз»-бен танылған жігіттердің бірі Бағлан Әбдірайымов топтастарынан сытылып шығып, 7-мамыр күні Республика сарайында алғашқы жеке шығармашылық кешін өткізбек. Сахнадағы 22 жылын қорытындылайтын концерттің дайындығын бағамдап қайттық.

Бағлан Әбдірайымов, әнші:

Алматы аренада да заллды лық толтырып алғаш концерт жасаған да жігіттер тобы, 15 жылдығында. Қатардан қалмай қанша концерт жасадық. Сондықтан тәжірибе баршылық. Жалпы концерт қарапайым өткені, шама келсе, рухани әңгіме қозғалғаны, сырласқаны, концерт көрермен тыңдарман шыншылдықты, қарапайымдылықты сондайды жақсы көреді.

 

Кеш қонақтарыЕркін Нұржан, Қуандық Рахым мен Еркеш Хасен. Әбдірайымов осы тізімнен Тұрарды көргісі келген-ді. Қолқа салып, бірге коллаб жасауды қалағанымен, ньюс скул өкілінің қолы босамаған-ды. Десе де көрерменді тәнті қылар, құпия қонақ барын білдік.

 

Бағлан Әбдірайымов, әнші:

Маған Тұрардың шығармашылығы ұнайды. Ол қолы тимей жатқанын хабарлады. «Түсінесіз ғой. Жақсы ән болса, шығармашылық ізденіс сізден болса» - деді. Сонымен бірден түсіністік. Жақсы ән табу қиын. Екіншіден уақыт тығыз. Бір-біріміздің шығармашылығымызға кедергі жасамайық!” деп, жылы жауып қойдық.

 

Әбдірайымовтың кешін Жігіттер тобынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан өнердегі әрі өмірдегі үзеңгілес достары да қолдау танытпақ.

Ердос Қанаев, әнші:

Тарих қайталанып тұр. Бағланға сол 11-классында қонақ болып бар едік. Енді бұл кеште де жігіттер арасында бірінші болып бастап жатыр ғой, алғашқы есеп беру концерт дегенді. 22 жылдан кейін жігіттермен қонақ болып қатысайын деп жатырмыз.

Бағлан мырза бұл кеште кеңінен көсіліп, көрерменмен боямасыз әңгіме құрмақ. Өміріндегі жүрек тебірентер сәттер мен қуаныш сыйлаған жылдарды еске алып, ғұмырының кей тұстарын сахналық қойылыммен жеткізбек.

 

Бағлан Әбдірайымов, әнші:

Оның нүктесін концертте қоямыз! болар іс болды, бояуы сіңді. Құмар ойын туралы айтып жақ та талды, әңгіме де ескіріп барады. Сондықтан концерт кезінде осыны айтайын деп тұрмын.

 

Кейінгі 3 жылда шәкірт тәрбиесіне көңіл бөліп бастаған Әбдірайымовты оқушылары кәдесыймен қуантады екен. Ал ең кереметі қос қызын сахнаға шақырып, бірге әсем ән шырқамақ.