Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim
– Eurasian Fashion Week-тің 9-маусымы басталады. Осыған орай ұйымдастырушылар сәнқойлар мен инфлюенсерлерді жинап, ерекше pre-party өткізуде. Мұнда фэшн-индустрияға бейжай қарамайтындардың бәрі жиналған. Біз де қатардан қалмадық.
Ирина Байжанова, «Еurasian Fashion Week» бас продюсері:
– Бүгінгі кештің тақырыбы — флюидум, дресс-код та соған сай болды — Fluidum Party. Бірақ, өкінішке қарай, кей қонақтар бұл ұғымды толық түсіне қоймаған сияқты. Ал флюидум дегеніміз — мөлдір, ашық, көктемге сай түстерге толы стиль.
Сән бір орында тұрмайтын, еркін, тоқтаусыз ағын сияқты. Eurasian Fashion Week-тің 9-маусымында осы тақырып қозғалып, оның уақытқа да, шекараға да бағынбайтынын көрсетеді. Сондай-ақ, фэшн-апталықтың тақырыбында гендерлік шектеу жоқ.
Ирина Байжанова, «Еurasian Fashion Week» бас продюсері:
– Бұл жолы көп жаңалықтар күтіп тұр! Жаңа дизайнерлер, жас қазақстандық таланттардың жұмыстарымен танысасыздар. Бұл — сұлулық пен сәннің, әлемдік трендтердің әдемі үйлесімі болады. Сондай-ақ, сахнаға онкология және гемофилияға шалдыққан балалар да шығады. Біз оларға сән арқылы мотивация, шабыт сыйлаймыз деп ойлаймын.
Медина Жалғасова, «Еurasian Fashion Week» бренд-амбассадоры, блогер:
– Бүгінгі кешке ең әдемі, ең стильді қыздар жиналды.
Fluidum дегеніміз – еркіндік. Адамдар өздерін еркін көрсетіп, қалай қаласа, солай киіне алады. Гендерге бөліну жоқ. Тақырыбы да, атауы да маған қатты ұнайды, өте қызық идея.
Айдана Сахари, актриса:
– Бүгінгі кешке таңдаған образыңыз жайлы айтып беріңізші?
– Енді менде мынадай оверсайз черный блейзер, қара түсті. Ішінде мынадай топ. Және де осындай лапша юбка. И таби. Минимализмді таңдадым. Және де сіздің макияжыңыздікіндей осындай қоңыр түсті, золотистый түстерді таңдадым. Бәрін өзім жасадым. Мен шын өмірде осылай айтады ғой, андрогинный стиль, яғни қыздардың образдары мен еркетерге үйлесетін образдарды біріктірген, соларды ұйқастырған ұнайды.
Асель Акопян, блогер, «Еurasian Fashion Week» PR-менеджері
– Бүгінгі кештің тақырыбына сай киінуге тырыстым. Шекарадан шығып, креативті образ, түрлі принттер таңдадым. Бізде бәрі ерекше, еркіндікке жол ашатын стильдер. EFW-тің 9-маусымындағы басты ролик синтез бен трансформация туралы. Сән үнемі өзгерісте, біз соны көрсеткіміз келеді. Өйткені бұрын мода өзін ашық білдіре алмайтын. Ол көбіне жасырын қарсылық не заман ағымының үнсіз көрінісі болатын.
Pre-party-ға келген қонақтар әрқайсысы тақырыпқа сай өз образдарына ерекшелік қосуға тырысқан. Ал сән апталығының бренд-амбассадоры Бота Миа бұл кеште жайлылықты таңдадым дейді.
Ақбота Нұрахын, «Еurasian Fashion Week» бренд-амбассадоры, блогер:
– Мен негізі басқа көйлекпен келе жатқанмын. Кәдімгі дене-бітімімді көрсететін. Сонымен шығып келе жатып, еркін жүргім келіп костюм кие салдым.
– Яғни бұл бүгінгі тақырыпқа мүлдем сай келмейтін образ ба?
– Негізі, мүлдем болмаса да кішкене сай келетін шығар.
Дегенмен, біз блогерді сөге алмаймыз, себебі Fluidum — жай ғана сән емес, бұл - еркіндік және өзін-өзі көрсету формасы. Стильді өмірінің бір бөлшегі санайтындарды Еurasian Fashion Week-тің 9-маусымы фэшн-индустрияның жаңа кеңістігіне шығуға шақырады.