Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim
– Актерлерді гипноздап, фильмге түсуге көндірдім дейді кинопродюсер Нұргүл Даубаева. Десе де, танымал жұлдыздар бой көрсеткен кезекті картинада бір гәп бар. Бірге анықтайық.
300 миллион теңге! Бұл «ГӘП» киносын таспалауға кеткен қаржы. Шет елде, Камбоджа мемлекетінің күнге күйген көшелерінде түсірілсе де, бар шындықты дөп басып көрсеткен фильм болған сыңайлы.
Шерхан Пірназар, актер:
– Айтыңызшы бар гәп неде болды?
– Бұл фильмде бір гәп бар деп айтады. Өйткені бұл жерде бір-бірімен жарыс. Бір-бірінің бетіне мақтап тұрып, арттарынан жамандап, бір-бірімен жарысып, көлік алса, одан асып түсу үшін, одан мықты көлік алады. Үй алса да мықты үй алады. Той жасаса да, одан асып түсіп, той жасайды.
– Айналып келгенде жарыстың түбі бұл бір жақсылыққа апармайды.
Ақерке Арыс, актриса:
– Өзіңіз шын өмірде гәп ойнайсыз ба?
– Иә, өзім гәп ойнаймын.
– Ең көп алған суммаңыз қанша?
– Біз гәпті 2 млн теңгемен ойнағанбыз. Ол кезде біз 5 адам ойнадық. 10 миллион алдым. Бірақ ең көп алған гәбім 16 млн алғанбыз. 16 адам, 1 миллион теңгемен ойнағанбыз.
Біреудің қалтасына қол сұғудан аулақпыз. Десе де, Ақерке ханым атаған сома көпшілікті таңғалдырмай қоймасы анық. Ал фильмнен алған гонорарына қатысты актерлер былай деп жауап берді.
Әбілмансұр Серіков, актер:
– Ол сол қызық болып қала бергені дұрыс. Ертең айтып қоятын болсаң, ол қызық болмай қалады сіздерге. Мынау қымбат актер, мынау арзан актер деген әңгіме кетеді. Ол керек емес бізге.
Экрандағы кейіпкерлер арасындағы драма шынайы өмірмен сабақтасып жатқандай әсер сыйлайды. Бізге мәлім болған құпия, фильмнің сценарийін жазуға арнайы психолог мамандар көмектескен болып шықты.
Нұргүл Даубаева, кинопродюсер, актриса:
– Персонаж бар, актерларымыз. 6 психолог бізді басында консультация жасап, менің әріптестерім. Бірге талдау жасап отырып, не себептен бұл мынадай мақтаншақ болды деген дүниелерді талдап, ара-жігін анықтап берді.
Дегенмен қиындықсыз болушы ма еді. Бастапқы сценаристер жобаны жартысынан тастап кеткен. Сондай келеңсіз сәтте жағдайды түсініп, фильмді толық аяқтауға көмектескен Жанболат Найзабеков пен Абдусаид Шайхисламовқа продюсер ерекше алғысын жеткізді.
Шетелде фильм таспалаған кинопродюсерге актерлық кастты жинау аса бір қиындық тудырмаған. «Бізді гипноздап көндірді» дейді өнерпаздар.
Құралай Анарбекова, актриса:
– Гипноздалған актерлердің қатарында сіз де болдыңыз ба?
– Иә, мен сөздің шыны керек, сол уақытта өзім белгілеп, Камбоджаға барамын деп, билет алып, қонақүй іздегенмін. Сөйтіп Нұргүл Даубаева маған ұсыныс жасады Камбоджаға. Онымен қоймай фильмге де түсесің, гонорарда аласың! Әрине, енді ақымақ болу керек мұндай ұсыныстан бас тарту үшін. Сондықтан да қуана-қуана келістім.
Нұргүл Даубаева, кинопродюсер, актриса:
– Бүгінгі жабық көрсетілімге Камбоджаның премьер-синистрінің өзі келіпті, бұл ол жақтың талабы болды ма, әлде сіздің ұсынысыңыз болды ма?
– Біздерге өте үлкен қолдау көрсетті. Біраз локацияларды тегін ұсынды. Сондықтан да, біз оларға шын ықыласымызды білдіріп, қонаққа шақырғанымызда мен келеді деп ойламаған едім. Сөйтсек, жоқ, достар, адам ешнәрседен қорықпауы керек екен. Сенімің артып тұрған кезде, тіпті министрдің өзі де Қазақстанға ат терлетіп, 6 сарбазымен келіп қалды.
DikoRay, блогер:
– Фильмнен алған әсеріңізбен бөлісіңізші?
– Негізінде гәп дегенде ойыма мүлде басқа дүниелер келетін еді. Мен ойлағам 9/10 болады деп ше. Бірақ шыққан кезде мен кәдімгідей өкініп қалдым өйтіп сөйлегеніме. Себебі, мың десем де болады.
Түрлі эмоция спектріне бөлеген, шынайы өмірді суреттеген картина 24 сәуірден бастап, үлкен экранға жол тартады.