EURASION FASHION WEEK 9-маусым шымылдығын түрді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Eurasion fashion week-тың 9-маусымы шымылдығын түрді! Биылғы сән көрсетілімінің хэдлайнері - Әзірбайжандық дизайнер Анара Закирли. 2018 жылдан бері ұлттық кілем үлгілерінен шабыттанып, оны заманауи стильмен байланыстырған сәнгердің әр туындысы – халқының мәдениеті мен тарихының айқын көрінісі ме дерсің.

 

Сяма Абиева, «Anara Zakirli» брендінің ресми өкілі (Әзірбайжан):

Біз бұл коллекцияны аз уақытта әзірледік. Айта кетейік, Анара дизайнерлік киімдерін дайынамас бұрын, Әзірбайжанның Шуши және басқа өңірлеріндегі кілемдерді зерттеп, әр туындының бірегейлігінен қанаттанып жасаған. Топтаманы Әзірбайжандық инфлюенсер, модель Нармин Казимзаде танысытырды.

 

Подиумда алдымен отандық сәнгер Сергей Шабуновтың топтамасы көрсетілді. Дизайнер еркіндікті тек оверсайз киім үлгілерімен шектейтіндерге, бұл ұғымды классикамен де байланыстыруға болатынын түсіндіргісі келген екен.

Сергей Шабунов, дизайнер:

Бүгінгі коллекция еркіндік жайлы. Тек стильдегі емес, іс-әрекеттегі, таңдаудағы тәуелсіздік. Кез-келген пікірді еркін қабылдау туралы.

 

9-маусымның амбассадоры атанған Botamia ортаға қалыңдық образымен шығып, «She said Yes» брендінің топтамасын таныстырды. Ал жақында сырғалым атанған Диана Скатоваға ақ көйлектердің көрсетілімін жабу мәртебесі бұйырды. Айта кетейік, сәнбикелер арасында аппақ келін фильмінде басты рөлді сомдамаған Фатима Кулибали де бой көрсетті.

 

Асқар Оразбаев, блогер:

Толқып отырмын, мынандай сұлулықты көру оңай емес. Мен фотосын көрім, бірақ шын өмірде көргенде... Сөзім жоқ, тамаша! Бота бірінші болып бастап шықты. Қызығы соңында болды. Көрмедіңіздер ғой. Күшті шығып келе жатыр еді, құлағаны бар емес пе...

 

Ақбота Нұрахын, EFW бренд-амбассадоры, блогер:

Асик гүл әкеле жатыр. Мен жүгіремін деп құладым, сөйтіп басымды көтерсем, Асик тұр.

 

Ал сәнгер Баян Сабазова өз туындыларын таныстыруға блогер Ай Абдуллаева мен Анель Кенжебекованы таңдаған. Қолмен кестеленіп, жібек матамен тігілген киімдердегі ұлттық өрнектеріміз заманауи стильмен үздік үйлесім тапқандай.

 

Aii official, блогер:

Дефиле сабақтарына қатыстыңыз ба? Дайындық жүргіздіңіз бе?

Мектеп кезінен қатысқан едім. Одан бері көп уақыт өтті, ұмытып қалған едім. Содан кейін қайтадан 1-2 дефиле өттім. 1-2 модель қыздардан.

Анель Кенжебекова, блогер:

Сіз үшін стильдегі еркіндік нені білдіреді?

Сәндегі нақты бір трендке қарамай, өзің ойың бойынша киінетін образдар.

Өзіңіз трендке бағынасыз ба?

Қыз бала болған соң сәнге қадағалап қараған соң қараймыз! Бірақ арасында индивудуальный амалдар қосуға тырысамын!

 

Rose Boujee бренді «Her name is Almaty» деп аталатын мәдени астанамызға арналған топтамасымен көрермен жадында жақсы сақталды. Ал кештің шымылдығын ерлерге арналған Zero коллекциясы жапты. 8 жылдан бері нарықта қалтқысыз еңбек етіп келе жатқан дизайнер Исламбек Шарипов өз шығармашылығы арқылы классиканы күнделікті өмірге бейімдеуді мақсат еткен.

 

Ирина Байжанова, EFW бас продюсері:

Біз жас дизайнерлер топтамаларын таныстырып, үлкен тәуекелге бардық. Бірақ олар сенімімізді ақтады. ЕFW басты мақсаты жеңіл өнеркәсіп пен сән әлеміне енді аяқ басқан мамандарды қолдау. Біз бұл жолы да өз міндетімізді сәтті орындап жатырмыз.