Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova
– Динара Сұлтан американдық композитормен коллаборация жасады! Қос өнер иесі бірігіп альбом жазды. Бір қызығы, бұл идеяны АҚШ-тың музыканты Сұлтан-тегіге өзі ұсынған екен. Ал бүгін сол туындының нәтижесін көруге презентацияға келіп қалдық.
Динара Сұлтан 20 жылын өнерге арнаған талантты әнші, вокалист, халықаралық додаларда өзін мықты артист екенін дәлелдеген талант. Өнер иесі бүгінде отандық нарықтың шеңберінен шығып, әлемдік музыка индустриясына аяқ басуда. Ол алғашқы қадамын танымал американдық музыкант Frank McComb-пен фит жазудан бастады десек болады:
– Жаңа альбомыңызбен құттықтаймын сізді. Әсеріңізбен бөлісе кетсеңіз?
– Жаңа альбом болғаннан кейін қобалжу болады. Бірақ енді мынадай күрделі артистпен жұмыс жасау маған өте үлкен бір сабақ болды деп айтуға болады. Бір үлкен мектеп болды. Сондықтан мен бақыттымын.
Frank McComb – голливудтық жұлдыздармен жұмыс істеген американдық танымал музыкант, композитор әрі продюсер. Ал дәл осы фитті жазуға инциатива танытқан шетелдік артистің өзі екен:
– Альбом Алматы қаласында жазылды. Бірақ Фрэнк Лос-Анджелестен жазып жіберді әндердің өзін. Иа, сосын мында Алматыға келіп өзі бірге Алматыда жаздық бірігіп.
3 тректен тұратын EP acoustic альбомды жазу қос өнер иесін біраз әбігерге түсірген сыңайлы. Десе де әншінің музыкант Frank McComb-пен коллаборациясының межесі бұл үнтаспа емес сыңайлы:
– Онымен бейнебаян түсіру алда жоспарда бар ма?
Динара Сұлтан, әнші:
– Қазір енді бейнебаян көп түсіріп жатқан жоқпын. Дегенмен бір mood video түсіріп қаламыз ба деген ой бар.
Альбомның презентациясында нағыз кәсібилердің әндері шырқалып, кеш қонақтары ерекше атмосфераға бөленді. Динара Сұлтанның айтуынша, айтулы шараға өнердегі және өмірдегі ең жақын құрбыларын шақырған-ды.
Дильназ Ахмадиева, әнші:
– Ол – әлемдік жұлдыздарға ән жазған тұлға. Ал қазір ол Динара Сұлтан үшін трек жазды. Маған сенсеңіздер, шығармашылық адамдармен жұмыс істегенде ақша ештеңе шешпейді. Ол Динарамыздың талантын шын бағалаған.
– Қазір сахнада қай әндерді орындайсыз?
– Қазір сахнада біз Динара екеуміз 2 әнді таңдадық. Сонымен бірінші ән это мировой хит енді. Stayin' Alive деген хит. Вот а второй вторую песню ол менікі. Динараның ең сүйікті әні Feel Fine деген.
Тұсаукесер кіл танымалдар жиналған нағыз бамонд кешке айналды. Меймандар ішінде актриса ару Қарлығаш Мұхамеджанова да бар:
– Альбомдағы әндер ұнады ма?
Қарлығаш Мұхамеджанова, актриса:
– Иә,маған альбом өте ұнады. Динараның репертуарында осындай кәсіби, шебер музыканттың қатысуымен жазылған ағылшын тіліндегі альбомның пайда болғаны – үлкен жетістік. Менің ойымша, Динараның шығармашылығын бағалайтын әр тыңдарманға бұл альбом ұнайтыны сөзсіз.»
Тек талантты әнші ғана емес аяулы жар, 6 баланың анасы Динара Сұлтанның бүгінгі жетістігіне қарап, арманы жоқ ару дерсіз. Десе де:
Динара Сұлтан, әнші:
– Мен негізі осындай кішігірім концерттерді жиі жасап тұрамын ғой. Ал дегенмен үлкен концерттер жасаған жоқпын көптен бері. Вообще жасаған жоқпын деп айтуға болады үлкен концерт. Жеке өзімнің концертімді беру маған енді арман.