Бүгін Фархад Әбдірайымовтың туған күні, танымал киногер тірі болғанда 60 жасқа толар еді...

Сообщить о проблеме с эфиром

1999 жылы жарық көрген «Фара» фильмі Фархад Әбдірайымов есімін көрерменге кеңінен танытты. Жылы жүзді томпақ жігіттің киноиндустриядағы алғашқы қадамдарыы осылай басталған еді. Мұндағы рөлі кәсіби ортадағы беделін арттырды десек артық айтқанымыз емес. Себебі, дәл осы туындыдағы жұмысы үшін Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде үздік ер адам рөлі аталымын иеленді. Бұл жайт тәй-тәй басып келе жатқан қазақстандық кинонарықты бір сілкіндірген еді.

Чингиз Капин, актер:

Мен бала күнімде ол кісінің жанкүйері әдім. «Фара» фильмін үзбей көргендердің бірімін. Меніңше бұл рөлі арқылы ол еліміздегі көрерменді ғана емес, ТМД жұртшылығын тәнті етті. Кейін әртіс ретінде түсірілім алаңында кездесу бақыты бұйырды. Араласа келе ол бұл өмірге адам болып келді, адам болып кетті деп анық айта алам.

 

Рэкет, бандит, жаттықтырушы, қылмыскер. Оның фильмографиясы түрлі рөлдерге толы. «Ирония любви», «Книга легенд: тайинственый лес», «Сказ о розовом зайце». Осы сынды бірқатар туындыларды харизмасымен әрлей білді десек артық айтқанымыз емес дейді өнердегі інісі Санжар Мәди.

Санжар Мәди, актер:

1-курс оқып жүрген кезде оның қолтанбасын алғам. Сол билетті әлі күнге дейін сақтап жүрмін. Кейін түсірілім алаңында кездескенде өзіне де көрсеткем. Осындай тұлғамен бір фильмде бой көрсету бақыты бұйырғанына қуаныштымын. Үнемі хабарласып, халімізді біліп, көме қолын созуға дайын тұратын еді.

 

90 жылдардағы туындысын көремеген миллениал мен зуммер ұрпақ Фархад Әбдіраимовты «Рэкетир» фильмі арқылы таниды.

 

Киногер 2021 жылы «Больше чем любовь» картинасының түсірілімі үшін Грузияға ат басын бұрады. Өкініштісі көп ұзамай Тблисиден елге суық хабар жетті. Мамыр айының жиырма бірі Фархад Әбдірайымовтан айырылдық. Осылайша аталмыш фильм оның киномансабындағы соңғы туындыға айналды.

 

Жан Байжанбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Оның сырқаттанған кезі, жаны ауырғаны, қандай да бір мәселе алаңдатқаны есімде жоқ. Себебі олүнемі күліп жүретін. Жадымызда тек жарқын жүзі сақталды. Онымен талай түсірілім алаңында жолықтық. Білікті маман еді. Жақсы әке, жар болғанына да куәміз. Не дейміз, туған күніңмен, Фархад. Құшақтадым.