Еркебұлан Дайыров, Шерхан Пірназар! Нұргүл Даубаева кіл мықтыларды жинап «Тәубе» фильмін таспалады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кіл танымалдарды жинап алып «Гәп» фильмін таспалаған Нұргүл Даубаева, биыл да сол әдетінен танбай «Тәубе» толықметрін түсірді. Бірақ бұл жолы жұмыс процесі Камбоджада емес, Жаркент қаласында өтті.

Нұргүл Даубаева, кинопродюсер, актриса:

Бұл драма жанры. Фильм оңайға түскен жоқ. Еркебұланның өзі де қаншама кинода бой көрсетіп жүр. Бірақ осы картинада біраз күш жұмсады.

 

Иә, басты рөлде киножұлдыз Еркебұлан Дайыров. Актердің Азамат есімді кейіпкері 33 әріптесін құтқарамын деп шахта апатында мерт болады. Кейін ол комаға түсіп, мистикалық трибуналдан бір-ақ шығады. Онда оның жеті атасы Азаматтың күнәлары үшін үкім шығарады.

Нұргүл Даубаева, кинопродюсер, актриса:

Бұл фильмде, бұл өмірде жақсы я жаман адам жоқ деген дүние. Кез-келген біз жақсы деп ауыз толтырып келетін адамның да қараңғы тұстары болады.

Шынайы оқиғаға негізделгені рас па фильмнің? Сондай ақпарат естіп қалдық.

Иә, шын мәнісінде шынайы аруларымның оқиғалары түйінделген. Дей тұрғанмен фэнтези жанрын да қостық. Жаңа бағытта болсын деп.

 

Ал картинаға арнайы жазылған саундректі орындау танымал жас әнші BYTANAT-қа бұйырған. Музыканттың айтуынша, ол бұл ұсынысты бірден әрі қуана-қуана қабылдаған. Оған себеп:

BYTANAT, музыкант:

Жалпы ұсыныс Нұргүл ханымнан болды. Әрине киноның сценарийіне қараймын. Енді бастап келе жатқан продюсер болсын, тіпті қазір нарықтағы дамыған сондай продюсерлер болса да киноның сюжетіне әбден қараймын.

 

Фильмді таспалауға 120-дан астам адамның еңбегі жұмылдырылған. Түсірілімі 40 күнге созылған толықметрдің сценарийін жазуға 1 жарым жыл уақыт жұмсалған-ды.

Нұргүл Даубаева, кинопродюсер, актриса:

Бұл фильмде біз ең бастысы сапаға жұмыс жасадық. Өйткені, қазақ киносы жалпы енді бір бұғанағы қатқан бала секілді. Ол да бір сапаға жол салып келе жатқандай.

Арнайы локация құрған екенсіздер. Кәдімгідей шахтаның атмосферасын беретіндей.Сол қанша уақыт құрылды? 50 млн кетті дегені рас па?

Сіздер бүткіл ақпаратты қайдан жинап алғансыздар? Декорация салынғаны рас. 1,5 ай көлемінде осы арнайы шахтаны 35 адам қолдан көтерген болатын.

 

Фильмде қараңғы тұстарымен бетпе-бет келген бас кейіпкер, өзінің күнәсін түсініп, жаңа өмір бастауға екінші мүмкіндік ала ма? Жауабын білу үшін кинотеатрға асығыңыз, көрермен!

Бақыт Тұрман, әнші:

Әрине картина өте сәті шыққан деп айтуға болды. Мен бұл картинада мына операторлық жұмысты байқап айтқым келеді. Қандай свет. Қандай бір операторлық жұмыс, құдды бір голивудтың киносын қарап отырғандай болдық бір сәтте.