Ағайынды Мақсатқыздары бағын жаққан таланттардың бірі – Аружан Бекболат. Бүгінде тыңдарман оны Хулан ару деп таниды. Алагөзова шығармашылығын өз қолына алып, қанатының астына тартқанда осындай сахналық есім берген. Дәл осы нұсқаға тоқталуы бекер емес. Еркіндік, тектілік, даланың қайсар қызы деген мағына білдіреді екен.
Hulan aru, әнші:
– Бәрі келісімшарттың неше жыл екенін сұрайтын, айтпайтынмын. Бірақ 7 жыл контрактке қол қойдық. Бір жылы өтті десем болады. 6 жылы қалды.
– Келісімшартта қандай талап-тілектер жазылған? Мәселен, тұрмысқа шығуға болмайтыны көрсетілген шығар?
– Қызығы, Баян Мақсатқызымен бірге сөйлескен кезде айтқан болатын: «мен сағат тұрмысқа шығуға бөгет жасай алмаймын, ана болып әйел бақытына бөленуіңе қарсы емеспін, әйел бақытын қолдаймын,» -деп. Тек тұрмысқа шығатын болсам, алдын-ала 3 ай бұрын ескертуім қажет. Тұрмысқа шығып келіп, қайтадан жұмыс істей беремін.
Шаңырақ көтеруіне кедергі жоқ. Дегенмен сахнаны асүйге ауыстырып, өнерден бас тартса, айыппұл арқалауына тура келеді.
Hulan aru, әнші:
– Егер уақытынан бұрын келісімшартты тоқтатып жатсаңыздар. Ондай мүмкіндік бар ма, қалауыңыз орындала ма?
– Ондай мүмкіндік бар. Бірақ, ол жерде айыппұл бар. Өте үлкен.
– Қанша екенін біле аламыз ба?
– Айтуға болмайтын шығар, 100 млннан жоғары, бірнеше есе жоғары.
Дегенмен отбасылық өмірге аяқ басуға асықпайтынын жеткізді. Шығармашылығыма ден қоямын дейді. Талаптар легі біраз екенін аңғарып, тағы қандай шарттар барын сұрадық.
Hulan aru, әнші:
– Неше, пункттен тұрады? Сіз онда не еңгіздіңіз дегендей…
– Өте көп, мен ештеңе енгізген жоқпын. Менде ондай құқық жоқ. Мен келісімшартты оқыдым, қолымды қойдым болды. Атап айтқанда, кешікпеу бар, сахналық киімдерді таза ұстау, уақытында келу. Мысалы, басқа қалада концерт болса, әуежайға кешікпеу, түнгі клуб секілді жерлерге баруға болмайды.
Алайда кездесулерге тыйым салынбаған. Алайда танысуға құлқым жоқ дейді өнерпаз.
– Сізді сырттан бақылап жүрген серілер көп қой. Сіздің қалауыңызды білейікші. Қандай азаматты жаныңызда елестетесіз?
– Міндетті түрде қазақ болуы керек. Өзіміздің жігіттер жақсы ғой, ақылды болуы керек. Түрі керек демеймін, бойы ұзын болуы керек. Иманы мықты сабырлы болуы керек.
Аталған қасиеттер бойыңыздан табылса, мүмкіндігіңіз бар екенін ескерерсіз. Кім білсін, жоспарында болмасаңыз да, тағдырына жазылып қаларсыз.