Сахнада 50 жыл! Роза Рымбаева есеп беру кешін өткізбек

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақстанның алтын дауысы Роза Рымбаева есеп беру кешін өткізбек. 1976 жылы үлкен сахнаға аяқ басқан примадоннаның өнерде жүргеніне биыл 50 жыл.

Роза Рымбаева, Қазақстанның Халық әртісі, әнші:

Осы маэстро Александр Белоковпенен жұмыс істегніме 30 жылдан астам уақыт өтті. Содан бері қанша концерт болмасын біргеміз. Міне менің фото-галлереям тұр, осы сәттен бастап оркестірменен. Концертім сахнада тек ғана осы оркестірменен өтеді. Енді біздің халқымыз оған үйренді. Рымбаева үлкен оркестірмен. Жанды дауыста айтады деген енді былай айтқанда үйреншікті ұғым бар. Тағы да солай 50 жыл сахнада осы сахнадан бастағанмын.
 

Роза Рымбаева өңір-өңірдегі тыңдарманын да ескерусіз қалдырмақ емес. Үлкен кешін тәмамдаған соң тур ұйымдастырып, мерейтойын ауыл-аймақта, тыңдарманымен де атап өтпек.

Роза Рымбаева, Қазақстанның Халық әртісі, әнші:

Мен былтырғы жылы жарты республиканы аралап шықтым. Енді бірнеше қалалар қалды. Осы концерттен кейін оларды да аралап шығамын. Жоспарым бар. Оркестр бар өңірлерде міндетті түрде оркестірмен өтеді. Оркестр жоқ өңірлерде әрине минус деген бар. Және де роял бар, фортепиано. Сондықтан менің бағдарламам міндетті түрде жанды дауыста.

 

Роза Қуанышқызы концертте new school өкілдерімен фит орындамақ. Шорт-листке репертуарындағы әндерді қосты ма, әлде жаңа ән әзірлей ме, бұл жағы бізге беймәлім. Мұны құпия сақтағанымен, тізімге қосқан музыканттардың есімімен бөлісті.

Роза Рымбаева, Қазақстанның Халық әртісі, әнші:

Енді әрине Мәди мен Әлимен ол міндетті түрде. Сонымен қатар жаңа әншілер. Енді бір жағынан құпия ұстайық деп едік. Менің жақсы көретін әншім - Диана Исмаилова. Менің жақсы көретін ерекше сіңілім Еңлік, Мақпал Исабекова. Осы әншілерді өзім өте жақсы көремін.

 

Концерт 7-ақпан күні Республика сарайында өтеді. Кешкі сеанс солдаут болғанымен, 15:00-ге белгіленген кешке санаулы билеттер қалғанын хабарлаймыз. Жанды дауыста, оркестрдің сүйемелдеуімен өтетін шарадан қапы қалмаңыз, көрермен.

Роза Рымбаева, Қазақстанның Халық әртісі, әнші:

Қадірменді көрермен, құрметі менің тыңдармандарым! Сіздерді 7 ақпан күні, сағат 15:00-де жеке концертімде күтемін. Келіңіздер, көрініздер.