Kalifarniya, Bytanat, Bayansulu! Жас әншілер биыл аренаны толтыруға ниетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Билет алуға ақшаларыңызды дайындай беріңіз, көрермен! Хит тректердің орындаушылары аренада соло кешін өткізбек. Ендеше осы жылы стадионда концерт беретін бірқатар артистерге тоқталайық.

 

Bytanat, музыкант:

Сіздерге эксклюзив болсын! Көктемде менің Алматы аренада жеке ән кешім. Сіздерді міндетті түрде шақыратын боламын.

 

Шығармашылық жолын каверден бастаған Bytanat бүгінде өзіндік фан-базаға ие музыкант. Әнші сол аудиториясына бек сенімді сыңайлы. Себебі ол алғашқы соло концертін шағын кеңістіктен емес, бірден стадионнан бастамақ. Сонымен қатар артистің көрерменіне арнаған тосын сыйлары да жетерлік екен.

Bytanat, музыкант:

Дайындық қазірден бастап болып жатыр. Көптеген әндер жазылып жатыр. Күтпеген мүлдем басқа дуэттер бар. Концертте көретін боласыздар!

 

Аренада соло кешін берген бірінші ару Баянсұлу атанбақ! Айта кетейік, «Ауа рай», «Сондайым бар енді» сынды хит тректердің авторы бүгінде ел назарында. Арудың туындылары музыкалық платформаларда топ жинақтың қатарында.

Bayansulu, музыкант:

Көктемде наурызда болады. Толық бекітілгеннен кейін нақты ақпаратпен бөлісеміз.

 

Десе де, Баянсұлудың тарапына айтылып жатқан хейт те аз емес. Көпшілік жас музыканттың репертуарындағы әндер саны 10-ға жетпей жатып, оның «концерт беремін» деген ниетін сынға алуда. Алайда кім білсін, әнші аруымыз кешіне дейін альбом да шығарып, танымал жұлдыздармен фит те жазып үлгерер.

Bayansulu, музыкант:

Енді қазір асығыс айтып қоямын ба деп қорқып тұрмын. Бірақ негізі жоспарда Қайрат Нұртаспен дуэт жазу ойда бар. Менің арманым бірге ән орындау, нағыз аңыз тұлға ғой.

 

Концерт берген сайын хейтке ұшырайтын Kalifarniya да бұл жолы әріптестерінен қалмай, стадионда соло кешін бермек. Бұл туралы әнші инстаграм парақшасында бөлісті. Әзірге шараның сәуірде өтетіні ғана мәлім. Ендеше Фархадтың алдағы концерті сәтті өтеді деп үміттенеміз.

 

Көптен көрінбей кеткен Кентал да биыл тыңдарманын жақсы жаңалықтармен қуантамын дейді. Әнші қазіргі таңда қызу дайындық үстінде. Кім білсін үзеңгілестертерінен қалыспай сахнаға оралған ол да биыл көпшілікті таңқалдырар...
Kental, әнші:

Осы жыл 8 әнім дайын боп тұр. Соларды шығару керек және де бейнебаяндарым бар. Жаңалықтар көп болады осы жылы.

Ал концерт ше?

Концерт ол енді жоспарда... Мүмкін осы жылы концерт беретін шығармын. Жоспар бар иә, жақсы концерт беру.