Премьера! Режиссер Қанат Бейсекеев аутизмі бар балалар жайлы деректі фильм таспалады.

Сообщить о проблеме с эфиром

Танымал режиссер Қанат Бейсекеев көрерменге кезекті туындысын ұсынды. «АУТ» деректі фильмі аутизмі бар балалардың күнделікті өмірі жайында. Канаға бұл ауыр тақырыпта картина таспалау оңайға соқпаған.

Қанат Бейсекеев, режиссер:

Бұл енді тақырып өз басыма келеді. Себебі менің де жанұямда өзімде сондай жағдай бар. Сол себептен енді қалай да болса бұл тақырыпты жай о мен аутизм жайлы кино түсіріп жүрмін деген ойда емес, енді негізінде бір пайдалы дүние жасайын деген үмітте болдым.

 

Фильмде ерекше балалардың велоспорттағы жетістіктері мен олардың қоғамның бір мүшесі болуға деген ұмтылыстары жайлы толығырақ суреттеледі. Сонымен қатар, картинада олардың ата-аналарының да жай-күйі толығырақ баяндалады.

Қанат Бейсекеев, режиссер:

Бұл деректі киноны мен балалардың ата-анасына... Тек қана ерекше балалардың емес, жай бүкіл ата-аналарға бүкіл үлкен махаббатпен арнайын деп жатырмын. Себебі, бұл деректі дүнием ол ата-ананың балаға махаббаты туралы жайлы фильм.

 

Жоба кейіпкерлерінің барлығы өздерін сомдайды. Шынайылыққа толы картинаның ең маңызды қозғаушы күші – ерекше балалардың жаттықтырушысы Қайрат Халдыбек. Бапкердің бұл салада қызмет етіп келе жатқанына 2 жылдан асқан. Бүгінде ол орта есеппен 70-тен аса баланы өмір-салтына бейімдеп, жаңа қабілеттерін ашуға көмектесуде.

Қайрат Халдыбек, жаттықтырушы:

Әр тренировка кішкентай бір жеңіс сияқты өтеді. Бір тренировкадан кейін мысалы балалардың қуанышы, ата-аналардың қуанышы. Даже көз жасын көресің қуаныштан. Сол саған ерекше бір мотивация береді.

Қанат Бейсекеев, режиссер:

Қайрат деген басты кейіпкерді мен интернеттен бұрыннан бері танимын. Бұл сол велокоманданың ерекше балаларға арналған бапкері болады. Соның инстаграмынан қарап әлдеқалай, сонан шыны керек шабыт алғанмын.

 

Режиссерге бұл фильмді таспалау ұсынысы «Болат Өтемұратов» қорының тарапынан болған. Ал жұмыс процесіне 1 жыл уақыт кеткен. Осы 12 айда үлкен еңбек атқарылды дейді, жоба авторлары.

Айнұр Кәрібозова, «Болат Өтемұратов» қорының директоры:

Қанат өзі 2 жыл велоспортпен айналысқандықтан ол камерасын басына тағып алып, арттарынан еріп жүріп түсірген.

«АУТ» деректі фильмін ютуб платформасынан тамашалай аласыз. Айта кететін жайт, бүгінде аталмыш жоба әлемдік масштабқа шығу үшін өзге тілдерге жаппай аударылуда.

Руслан Тай, стендап-комик:

Кәдімгідей толқып тұрмын кәдімгі. Күшті екен. Негізі шынымен де үлкен проблема ғой қазір. Көп ата-аналар осы проблеманы басынан өткізіп жатыр. И мына фильмді қарау арқылы ең болмағанда ата-аналарға түсінікпен қарайтын боламыз в общем.

Алуа Қонарова, продюсер:

Мұндай фильмдерден кейін, көп нәрсені ойлап кетесің... Иә, әрине маған ұнады. Әр түрлі сезімдер болды. Картинадағы ата-аналарға және жаттықтырушыға алғысымды айтқым келеді.

 

Бұл жай ғана фильм емес, бұл әлемді кеңінен тануға ұмтылған перзенттер мен олардың бақытты жүзін көруге күш-жігерін салып жатқан ата-аналар жайлы картина.