2007 жылы құрылып, шығармашылығын бастаған «Өнер Қырандары» 2025 жылы киноиндустрияға қадам басты.Тырнақалды туындылары кассалық жиында топ жарып, үздік 10-тан орын алған еді. Ұжым ізін суытпай көрерменді тағы бір толықметрмен қуантпаққа ниеттеніп, күнікеше «Адам бол» деп аталатын су жаңа картиналарының тұсауын кесті.
Құдіретолла Жұмабек, «Өнер Қырандары» театрының актері:
– Біздің Абай атамыздың 180 жылдығына байланысты және Абайдай бол. Абайдай болсақ ешкім ешқайда кетпейді. Түзу жолда жүреді. Сосын екінші мағынасы Абай болу. қазір қоғамда неше түрлі нәрселер бар. Неше түрлі оқиғаларды көріп жатамыз, барынша абай болу. Он рет өлшеп кесу. Сол мағынадағы фильм.
Фильмнің желісі Жақсылық есімді алаяқтың оқиғасын баяндайды. Бүтін бір ауылды алдаған ол көлік апатынан қаза болады. Бірақ кенеттен тіріліп өмірін өзгертуге мүмкіндік алады. Басты рөлді Жанболат Найзабеков сомдайды.
Жанболат Найзабеков, «Өнер Қырандары» театрының актері:
– Маған қиын соқты, өйткені иә біреуді алдау жаңағы құмар ойын адамдарды адастыру, ақша алып кету. Бір екі адамды емес ол бүкіл ауылды қарызға отырғызып кету деген ол сұмдық. Сондықтан да бір осындай бір өзіме эксперимент жасап бір рөл шығарған болатынмын
Кастқа таңдалғандар қатарында Рүстем Жаныаманов, Лидия Кәден, Сағызбай Қарабалин мен Ұлболсын Шалқарова да бар. Өнер қырандары театрының әзілкештері де толыққұраммен бой көрсетеді, Актерлерге сұраған гонорарын бердік, ал өзіміз ақша алмаймыз дейді Мадияр Серікбаев.
Мадияр Серікбаев, «Өнер Қырандары» театрының жетекшісі:
– Бізде гонорар деген жоқ. Жалпы киноның шығыны өтелу керек сол жаққа көп мән береміз. Содан кейін артылып жатса бәріміз бір табаққа салып жейміз.
Біраз күннен бері желіде «Өнер қырандары» театры бөлінді деген қауесет тарады. Көпшілік жігіттерді өзара араздасып қалды деп болжағанымен серілер тату. Фильмді жарнамалау үшін осындай маркетингтік әдісті ойластырдық дейді.
Құдіретолла Жұмабек, «Өнер Қырандары» театрының актері:
– Бөлінуден құдай сақтасын. Жалпы біз драма актерлерінің қандай екені олар қуыршақ актерларының қандай екенін көрсетеді. Біз айтамыз кішкене ширманың артынан шықсаңдаршы деп. Енді өмірдің өзі жарыстан тұрады ғой. Көрсетейік деп тұрмыз драма қандай қуыршақ театры қандай
Сырымбет Бибосынов, «Өнер Қырандары» театрының актері:
– Ертең бүкіл қаларды да солай бөлініп аралаймыз. Кім көбірек көрермен жинайды сол жағына көбірек мән беретін боламыз.
«Абай бол» фильмі Құнанбайұлының шығармаларымен көркемделген. Мұндағы мақсат ұлы ойшылдың мұрасын насихаттау дейді театр ұжымы. Толықметр бүгіннен бастап үлкен экранға жол тартты. Ендеше қапы қалмаңыз, көрермен.