«Бар шындықты айтатын уақыт келді!» Баян Алагөзова ресми мәлімдеме жасады.

Сообщить о проблеме с эфиром

KeshYou! Бұл аруларға арналған алтын кілт іспетті. Мақсатқыздары кімнің қолына ұсынса, сол шоу-биз әлеміне бастар есіктің құлпын ашып, әп сәтте танымалдылыққа ие болды. 2016-ның мамырында тұсауы кесілген ұжым осы аралықта қаншама сұлуды құрамға қабылдап, өнер әлеміне жолдама беріп келеді. Міне сол таланттардың бағын жаққан орданың құрылғанын биыл 20 жыл. Баян Алагөзова айтулы датаны ескерусіз қалдырмақ емес.

Баян Алагөзова, продюсер:

KeshYou тобына 20 жыл. Айтулы датаны атап өтесіздер ме? Қандай да бір шара дайындап жатырсызар ма?

29-мамыр күні топтың 20 жылдығын Республика сарайында атап өтеміз. Қазір қызу дайындық жүріп жатыр. Ауқымды шоу ұйымдастырамыз. Және еш аянбай өте көп қаржы жұмсамақпыз.

 

Бұл күні KeshYou-дің барлық құрамы бас қосады. Репертуарындағы ең танымал әндер шырқалады. Баян Алагөзова көрерменге концерттен бөлек, тағы бір сый дайындамақ.

Баян Алагөзова, продюсер:

20 жыл аз уақыт емес. Бұл ұзақ әрі тәжірибеге толы жол. Біздің айтарымыз, үйретеміз көп. Сондықтан бар шындықты айтатын уақыт келді деп ойлаймын. Жақын күндері көрерменге деректі фильм ұсынбақпыз. Бұл оқиғалар қоғамды резонанс тудырары сөзсіз. Себебі, мен қыздарға ештеңені жасырмай айтуды өтіндім. Өзім де бүкпесіз бәрін баяндамақпын. Бұл ақпараттар көрерменді қызықтырмай қоймасы анық.

 

Есеп беру кешу, топтың тарихынан сыр шертер деректі фильм. Бір қарасаң нүктесін қойып, көрерменмен қоштаспақ сыңайлы. Расында да солай ма?

Баян Алагөзова, продюсер:

20 жыл аз уақыт емес қой. Кейде продюсерлер топты таратып жатады. Ал сіз әрі қарай жалғастырасыз ба? Әлде таратасыз ба?

 

KeshYou менің өмірімнің бір бөлігі. Менің жүрегімнің, жанымның ажырамас бөлшегі. Сондықтан мен барда KeshYou жұмысын тоқтатпайды. Мен бұл жобаны ерекше жақсы көремін. Маған ләззат сыйлайды. Және тұрақты табыс әкеледі. Компанияның негізгі табыс көзі осы топ десем де болады.

 

Жанкүйерлер топ құрамындағы қыздарды жиі салыстырады. Кейінгілері алғашқыларына есе жібереді деген қаңқу сөз бары да жасырын емес. Баян ханымның дәл осы жауабы хэйтерлерге жауап іспетті. Продюсер KeshYou ұраныстан түспегенін меңзейтіндей. Ал сұраныс барда ұсыныс тоқтамайтынын ұмытпайық.