Бір жыл бұрын «Qymbattym» деп әндеткен Мирас пен Kalifarniya-ның фиті YouTube хостингінде 9,5 миллион қаралым жинаған. Жігіттер өздері орнатқан рекордты жаңартқысы келсе керек араға 12 ай салып, су жаңа коллаб ұсынды.
2 күн бұрын жарыққа шыққан тректің қаралымы әзірге 46 мың. Тыңдарман жазған пікірге зер салсақ, көрермен көңілінен шыққанын аңғару қиын емес. Бірақ көпшілік mood video-ны BTS тобының солисі J-Hope-тың клипіне ұқсатуда. «Көпшілік көшірме деп ойлауы мүмкін, бірақ олай емес», - дейді жігіттердің продюсері Әден Марғұлан.
Әден Марғұлан, продюсер:
- Нью-Йоркта түсірдік, клипі өте күшті. Өйткені, оны мен айтпадым. Осында айтайын ол жақта BTS-тің J-Hope деген солисі бар ғой. Солар J.Cole деген әнші екеуі түсірген болатын Нью-Йоркта. Соны референс қылып алдық. Соған шабыттанып жүріп байқамай Нью-Йоркта сол локацияның барлығын тауып алдық ғой. Сөйтіп андай түсірдік сол жақта.
«Жігіттер BTS -тықтардан шабыттанып, клипті референс ретінде алдық» дегенімен бұлары көрерменге аса ұнамаған сыңайлы. Мұны мына пікірден аңғардық. Көптің талқысына түскен клиптерді назарларыңызға ұсынамыз. Ара-жігін өздеріңіз ашып, ақ-қарасын ажыратарсыз