Сахнада он жылдан астам жүргеніне қарамастан, QANAY алғаш рет соло кешін берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бірі білсе, бірі білмейді Qanay тек орындаушы ғана емес, 50-ге жуық ән жазған композитор. Ол өзінің әзілі және хит тректері арқылы тыңдарманның жүрегін жаулаған артист. 2013 жылы шығармашылық жолы бастау алған музыкантқа алғашқы ән кешін беру тек биыл бұйырған.

QANAY, музыкант

Көбісі айтады менен стадионға неге бермедің, стадионға беретіндей дәрәжең бар ғой деп. Жай-жайдан бастайын, содан кейін Республика сарайы, содан кейін стадион, содан кейін әлем жұлдызы.

Иә, өнерпаз алғашқы қадамын кішігірім кеңістіктен бастады. Оның өзіндік себебі де бар көрінеді.

QANAY, музыкант

Мен енді оқымағанмын, музыкалық өнерім жоқ, то есть опытым, то есть білімім жоқ. Сол себептен мен жүрексіндім.

Нұрболат концертке келген тыңдарманына тосын сыйын да дайындап қойған.

Ол бұл кеште репертуарына қосылған екі жаңа әнін алғаш рет шырқап, тректерінің тұсауын кесті.

- Бүгінгі кеште «Раушан гүл»-ден басқа тағы қандай әңдеріңіздің тұсауы кесіледі.

QANAY, музыкант

- Бүгін дейтін «Бәрі өткінші» дейтін, жаңа әнімнің тұсауын кесемін. Құдай қаласа, осы концерттен кейін 1 апта болмаса 2 аптаның көлемінде сол бейнебаян шығып қалады. Бұл бейнебаянды біз еще Гонгокта түсіргенбіз.

Qanay өзінің авторлық тректерінен бөлек, тарихта аты қалған ұлы композиторлар Ескендір Хасанғалиевтің «Бозторғайы» мен Шәмшінің «Шынарымына» жаңа дем берген еді. Әнші айтулы концертте жаңа интерпретацияда ұсынылған аталмыш туындыларды орындауды ұмытпады.

Qanay «Меховая 8/1» тобының солисі ретінде де көпшілікке танымал. Өкінішке қарай, белгілі себептермен ұжымның өзге мүшелері Жандос пен Қабдол кешке келе алмады. Десе де, артисттің өнердегі өзге достары Тұрар мен Дәке сахнаға ескертусіз шығып, олардың жоқтығын білдіртпеуге тырысып бақты.

Тұрар Ыдырыс, музыкант

- Барлығы айтып жатыр, мәссаған,біз оказывается, Qanay-ды недооценивать жүр екенбіз, күшті-күшті әндері бар екен ғой деп. Шынында, әзірше бір бағаланбай жүрген артистардың бірі деп ойлаймын.

Дәулет Исраил, блогер, жүргізуші

- Келмегендер өкінеді, жанды дауыстың не екенін түсінбегендер Qanay-дың концертіне келу керек деп ойлаймын.

 

Өнердегі достарының көптігіне қарамастан, Qanay маңызды кешінің қонақтары болу мәртебесін танымал артистер Дастан Оразбеков пен Еркеш Хасенге берген. Себебі:

- Еркеш Хасенмен фиттеріңіз бар екенін білеміз, ал Дастан Оразбековпен ше?

QANAY, музыкант

- Дастан Оразбеков ағаммен мен өзім біз 2013 жылдары сол ағаның қолында жұмыс жасағанмын. Шәкіртімін тікелей. «Ninety One»-ның ұстазы Ерболат Беделхан болса, тікелей Дастан Оразбековтың шәкірті мен боламын ағайын.

Дастан Оразбеков, әнші

- Енді 99 пайыз еңбектің арқасында ғана талант құлпырады. Жай ғана талантым бар деп қана жүрмей, еңбектеніп жүрген азаматардың бірі екенінен қатарынан білемін.

Qanay өзінің нағыз артист екенін бұл кеште дәлелдеді десек артық болмас... Себебі небәрі 2 ай бұрын ғана анасынан айрылған музыкант, тыңдарман алдындағы жауапкершілігін сезініп, концерт беруден бас тартпады.

QANAY, музыкант

- НТК телеарнасына сіздерге көп көп рақмет, всегда мені қолдап жүресіздер, аман болыңыздар, сіздерде жасай беріңіздер. Мен сіздерді жақсы көремін, НТК!