Музыкант Ғазизхан Шекербек жеке концертіне дайындық үстінде!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ол «Еркекпін мен» деп босқа кеуде кермейді, бірақ «Сезім үшін» бәрін қияды. Талай хиттің авторы Ғазизхан Шекербек бұл күндері жеке кештің қамына кіріскен. Айтпақшы, бұл - композитордың үлкен аренадағы алғашқы концерті болмақ.

Ғазизхан Шекербеков, әнші, композитор:

Жалпы 80 пайыз дайынмын. Дайындығым жаман емес сияқты.

 

Жауапкершілікті жаны сүйетін музыкант қазір күн-түн демей, жаңа әндер жазып, ескі релиздерін қайта өңдеп, қызу дайындық үстінде жүр. «Бұл кеште тыңдармандар мені, мен оларды толықтай тануға мүмкіндік аламыз»- дейді музыкант.

 

Сахна мен музыканы қатар алып жүрген өнерпаз үшін, Алматы Арена бүгінде екінші үйіндей. Мұнда өтетін әр концертті жібермей, арнайы келіп тамашалайтын көрінеді. «Көрудегі мақсатым – өз кешімде келеңсіз оқиғалардың орын алуына жол бермеу, бұл – соның алдын алу» дейді артист.

Ғазизхан Шекербеков әнші, композитор:

Бірақ, менің жалпы шығармашылығым музыканттармен тығыз байланысты болғаннан кейін, мына жердің жаңғырығы бізге сәйкес келуі қиындау негізі. Менің репертуарымнан баяу әндерді беретін болсақ, вайб беріле ме, берілмей ма сол қызық.

 

Ғазизхан Шекербеков әнші, композитор:

Қазір халықты таңқалдыру қиын ғой.

Өзім жақсы көретін қонақтарды шақырдым. Бірақ, тіпті афишаға да қосқан жоқпын. Сол жерде тосыннан шығады.

 

Жарайды, дайындаған тосын сыйыңызды 2-мамыр күні көргеніміз жөн болар. 12 мың көрермен жиналатын алып алаңда өтетін шара, ел аузында жүрері анық. Жұрт асыға күткен, өзіңіз күткен күннің, ойдағыдай өтуіне тілектеспіз.