Динара Сұлтанның жеке концертін аншлагпен өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

20 жылын өнерге арнап, халықтың сүйікті әншісіне айналған Динара Сұлтан, күні кеше жеке шығармашылық кешін өткізді. Алғашқы концертінде оның құшағы гүлге, жанары жасқа толды.

Динара Сұлтан, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:

Кештің жоғары деңгейде өтуі үшін, дайындыққа неше уақыт кетті?

Кемінде 2-3 ай кетеді. Үш ай ол концепциясын ойлау, екі айдың ішінде соны жүзеге асыру. Костюм бәрі енді. Енді техникалық жағынан да бар. Продюсерский, режисерский жағынан жұмыстар көп жасалды.

 

Халықаралық додалардан олжалы оралатын өнерпаз «Бүгін сахнада толықтай ашыла алдым»,- дейді. Кәсіби вокалист бұл жолы сахнаға әріптестерімен емес, ең жақындары – отбасы мүшелерімен бірге шығуды жөн көрген-ді.

Динара Сұлтан, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші

Ұлыңыз өнер көрсетті, туған сіңіліңізбен дуэт орындадыңыз?

Үлкен сахнада екі баламның дебюты болды. Мұса ол домбыра аспабында ойнаса, Иман қызым өзі барабанға жақында ғана қатысып жүрген, сол бүгінде міні үлкен сахнаға шығып өзінің арманы орындалды деп айтуға болады.

 

Динара Сұлтан- әлемдік музыка индустриясына аяқ басқандардың бірі. Айта кетейік, ол АҚШ-та танымал Frank McComb-пен бірге альбом жазды. Ал фит жазуға ұсынысты, бірінші болып Frank жасаған.

Мәди Рымбаев, музыкант:

Динара ханым өте мықты вокалист, мықты музыкант және профессионал. Шынымды айтайын менде күмән болған жоқ, концерт жаман болады деген. Мен нені күттім соны көрдім.

Ербол Нариманұлы, композитор:

Қатты ұнады, өте жоғары дәрежеде дайындалған екен. Динараны шын жүректен құттықтаймын.

 

Эстрада жұлдызы әндерін оркестрдің сүйемелдеуімен орындады. Ал Динара ханымның образдарымен Республика сарайы тіптен жарқырып кеткендей болды. Қызығы артист «Небәрі 2 минуттың ішінде көйлектерімді ауыстырдым. Режиссердің қойған талабы болғандықтан, үлгермеске амалым болмады »,-дейді.

Динара Сұлтан, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:

Концертте 16 ән орындадым, өйткені біріншіден маған концерттің сапасы маңыздырақ болды, бір жарым сағатта осы шоуды жасауды жөн көрдік, концерт ұзақ бола бергені де адамға ыңғайсыз. Көп отырғысы келмейді, көбі асығады.

Динара Сұлтан, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:

Сахнадан жұбайыңызды байқап қалдық, бұл импровизация ма әлде алдын ала келісу болды ма?

Жоқ, бұл импровизация. Негізі алдын-ала келіспес еді, егер мен айтып қойсам. Импровизация болды, біз өзіміз өз жағымыздан дайын болдық. Бірақ ол дайын болған жоқ, бірақ бұл шынай шықты.

 

Жұбайымен бірге орындаған халық әні «Құсни Қорлан» кей көрерменнің көзіне жас үйірді. «Бүгін өзімді аяулы ана, асыл жар ретінде көрсеткім келді», – дейді Сұлтан-тегі.