Желі жұлдызы DARICORN-ның не жасырғаны бар?

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Жақында ғана су жаңа релизін ұсынған DARICORN, мұнымен тоқтап қалмақ емес. Үйін - студияға, тұрмыс-тіршілігін шығармашылығына алмастырған блогердің, алға қойған мақсаты да, іске асырар жоспары да көп.

DARICORN, блогер, әнші

Болашақта дуэт жазу ойда бар ма?

Ал мен дуэт жазып қойдым, әніміз дайын тұр. Соны жақын арада шығарып көрсететін боламын.

Өнер адамы?

Иә, күшті хитмейкер, көрген кезде таң боласыңдар.

Ол адам ешкіммен фит жазбаған ба? Әлде жазған ба?

Ешкіммен жазбаған, әзірге құпия боп қала тұрсын. Адамдарға ұнап жатса көрсетемін, ұнамай жатса көрсетпеймін!

 

Дариға ханымның жұрттан жасырған әріптесі, Aii_Official лақап атымен танылған, Әйгерім Абдуллаеваның жұбайы - Әділ екен.

 

Бүгінде блогерден әншіге айналу трендке айналғандай. Десе де, Әділ жұртқа «Госпожа», «Қайдағы махаббат», «Қызым» әуендері арқылы танылған музыкант. Бір қызығы, Дари мен Әділдің жақында жарық көретін тректері, достарымен бас қосу кезінде, аяқ-асты жазылса керек.

DARICORN, блогер, әнші

Ұсыныс қай жақтан болды? Сіз жақтан ба?

Бір кездесуде отырып қалдық, әңгіменің арасында дуэт жазуға шешім қабылдадық. Ал келесі күні студияға бардық, ол өзінің, мен өзімнің партиямды шығардым. Сөйтіп екеуміз дуэт болып кеттік.

 

«Ең әуелі, эксперимент ретінде, үзіндісін желіге саламыз, егер халықтың арасында танылса, содан кейін ғана, туындының қамына кірісеміз»,-дейді блогер. Ендеше іске сәт! Релиздеріңіз 30 секундтық муд-видеомен шектелмей, толыққанды туынды ретінде шығады деп сенеміз!