Поп-дива Светлана ЛОБОДА Алматыда жеке кешін өткізді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл Лободаның Қазақстанға алғаш келуі емес. Поп-дива жыл сайын Алматы төрінде жанкүйерлерімен кездесіп, өнер көрсетуді әдетке айналдырған. Алайда, оның әр сапары дәл алғашқы кездесудей әсер сыйлайды.

Светлана Лобода, артист: (Украина)

Біз үнемі гастрольдік турда жүреміз. Әр концертке ұзақ дайындаламыз деп айта алмаймын. Өйткені, бұл бағдарламамен екі жылдан бері концерт өткізіп жүрміз. Сондықтан біз үшін таңсық дүние емес. Бірақ, әрдайым командамен бір нәрсені өзгерткіміз келіп отырады. Көрермен үшін бәрі жаңа болғанымен, тек әндерді өңдеп, кішігірім өзгерістер енгізіп отырамыз.

 

Айта кетейік, Светлана әлеуметтік желісінде «Ең дәмді бешбармақты қайдан жеуге болады?» деп жазба қалдырған еді. Қазақы қонақжайлықты тексергісі келді ме, әлде шын мәнінде ұлттық тағамды аңсады ма, ол жағы бізге беймәлім. Дегенмен, әншінің өтініші жауапсыз қалмай, Алматылықтар жаппай үйлеріне қонаққа шақырған-ды.

Светлана Лобода, артист:

Мен жай ғана сәбиімен түскен адамның суретін таңдадым. Біз Қазақстанға келе сала сол отбасының үйіне қонаққа бардық. Бұл біз үшін де, олар үшін де күтпеген жағдай болды. Өте керемет уақыт өткіздік. Бізді өте жылы қарсы алды. Дастархан да ерекше дәмді болды. Олар арнайы Киев тортын әзірлепті. Соңында бешбармақ ұсынды.

 

Үш жыл бұрын бастау алған музыкалық идея биыл жарыққа шығуға жақын. Лободаның Қайрат Нұртасқа алғаш ұсыныс білдіріп, бірлескен фит жазуы да жұртты елең еткізген еді. Афишада аты аталмаса да, қос жұлдыздың дуэті орындалады деп үміттенді. Тіпті, Қайрат үшін арнайы келген көрермен де аз болмады.

Көрермен пікірі:

Оны қазір күтіп тұрмын. Негізі естідім фит жазғанын.

Сол үшін қалып отырмыз күтіп. Қайрат Нұртастың болса екен!

Лобода мен Қайрат Нұртастың әні хит болады деп үміттенемін. Өйткені Қайрат біздің краш, ол күшті!

 

Алайда, тыңдарман асыға күткен коллаб шырқалмады. Себебі ортақ туынды әлі толық аяқталмаса керек. Мұны бірі екеуінің арасында келіспеушіліктің әсерінен деп болжаса, енді бірі «Қайреке шыққаныңды сарғая күттік қой» деп жазуда.

Светлана Лобода, артист:

Иә, негізі Қайратпен таныстығымыз күтпеген жерден басталған. Бірнеше жыл бұрын ән жазғымыз келген, биыл бірге сол шығармашылық жұмысты іске асырдық. Қазір жаңа туындының бастауында тұрмыз, әлі дайын емес. Бірақ, жақын уақытта тыңдайсыздар.

Екі сағатқа созылған есеп беру кештің арнайы қонағы Сей Мо болды. Артист шыққан бойда батыл образымен, энергиясымен алаңның атмосферасын бірден жаулап алды.

Экс-Виагралық арудың образдары да көрермен назардан тыс қалмады. Ескі хиттері мен жаңа тректеріне сай етіп көйлектерін, стилисттердің көмегіне жүгінбей-ақ, өзі таңдаған.

Светлана Лобода, артист:

Біздің ортақ жұмыс істегенімізді білесіздер. Бүгін міне Сей Мо мені қолдауға келді, ортақ әнімізді айттық. Өзіне арналған бөлімде кішкентай болса да өнерін көрсетті.

 

Автор: А. Сауытбек