Інісінің түсірілімге таксимен келгені жанына батса керек, Мейрамбек Беспаев Еркеш Хасенге көлік сыйлады. Дұрысы қалағаныңды ал деп шотына ақша аударған екен.
– Айып етпессіз, десе де алмақтың салмағы бар дейді. Ағалық танытты, інісі ретінде қалай жауап қатамын деген жоспарлар бар?
Еркеш Хасен, музыкант:
– Өзімнің ілтипатымды білдіріп қойдым. Ағам айтты, мұны айтпай-ақ қойшы, тағы әңгіме болады алыс-беріс деген. Шын жүректен кеңсесіне апарып табыстадым. Ол әңгіме сол кеңіседе қалды.
– Мен көліктің құнын бағамдамайды екем. Десе де 15-18 млн-нан қымбат. 20-ға жетіп қалады. Ал сіз берген сыйдың құны қанша?
– Мен берген сыйдың құны 1 млн теңгенің төңірегінде. Ағамның айналасындағылардан біліп алып, өзі қалаған нарсені апарып бердім.
Көлікті көріп аң-таң кейіп танытты. Тосынсыйдан бейхабар адамдай қуанды. Осылайша серіден келген сый ретінде көрсеткісі келген еді. Діттегеніне жетті. Оқырман қызыға да, қызғана қарады. Қыздар қауымы жарыса жазды. Біраз ару сүйгеніне ымдап та үлгерді. Қуантатыны неткен батпан құйрық деп әліптің артын баққандар да аз емес. Сонымен тұлпардың тізгінін ұсынған жомарт жан кім?
– Сізге көлік сыйлаған белгісіз жанның есімің анықтай алдыңыз ба?
Анеля Кенжекбекова, блогер:
– Анықтай алдым. Негізі бастапқыда мен оны білмедім. Кім берген, не берді деген аралысатын ондай бір адам жоқ еді ғой деген. Енді кішкене бір ойлар кетті. Кейін бір 2-3 күннен кейін хабараласты. Ескендір ағай, сол ағайға үлкен-үлкен рақмет. Көлігін сыйлап, сонымен қатар жақсы бір проектке келістірдік.
Тосынсыйдың авторын Ескендір аға деп таныстырды. Түсінуімізше кәсіпкер. Не дейік, Мейрамбек аға да, Ескендір аға да жарады.
Автор: Д. Қыдырбек