Сүйінші! Қазақстандық креатор Канн фестивалінде жүлделі болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сүйінші! Қазақстандық Дастан Мұхамедрахым Канн фестивалінің WIBA Awards 2026 премиясында ең үздік трэвел блогер атанды! Айта кетейік, by Dastan-ның әлеуметтік желіде 1,7 млн оқырманы бар. Ол Қазақстанның әдемі табиғатын таспалап, ел туризміне елеулі үлес қосып жүрген жас талант.

Дастан Мұхамедрахым, travel блогер:

Маған 20-қаңтар күні: тізімде барсыз, қатысқыңыз келе ме, келмей ме? - деген хабарлама келді. Мен әрине, қатысқым келетінін жеткіздім. Сосын 15-ақпан күні жеңімпаздарды анықтап, үздік трэвэл атандым. Марапаттау рәсімі - 22 мамыр күні Фравнцияда болады.

 

Дастанның оқырмандарының басым бөлігі – шетелдіктер. ТМД, Еуропа, Америка мен Үндістанның азаматтары рилстарын қалт жібермей қарайды. Осылайша еліміздің көз тартар жерлерін насихаттап жүрген креаторға енді өзге мемлекеттерден де тапсырыстар түсуде. Канн жүлдесін қанжығалаған блогер енді гонорарын көбейте ме?

Дастан Мұхамедрахым, travel блогер:

Басқа елдің басшылары, туризм министрі де ақша төлейміз деп шақырып жатыр. Бірнешеуіне барып келдік. Мысалы, Швецарияның өзі қаншама мықты блогерлері көп, бірақ солар шақырайын деп жатыр. Грузия шақырды деген сияқты... Үкімет шақырып жатқаннан кейін Қазақстаннавн 2-3есе көп баға айтып, олар келісіп жатыр. 1 рилс 10 млн тг көбірек деген сияқты ғоой..

 

Канн кинофестивалінде жарқыраған жалғыз қазақстандық Дастан емес, айтулы шараға отандасымыз Андреа да шақырту алған екен. Қызыл кілемнен өтуге ұсыныс алған сәнбике образын тыңғылықты дайындаған екен.

 

Еліміздің киногерлері таспалаған «Арық» қысқаметражды фильмі де кинофестивалдің аясында ұйымадстырылған байқауда топ 8-ге ілікті. Картинаның ерекшелігі: еш монтажсыз ұсынылып, компьютерлік графика қолданбағанында. Ең қызығы, шығармашылық ұжым туындыны қосымша дубльсіз түсіріп шыққан екен. Ал басты рөлді Батыр есімді жеткіншек сомайды.

 

Автор: Д. Қыдырбек