Aport Mall-ға — 17 жыл! Еліміздегі ең ірі сауда орталықтарының бірі биыл туған күнін дүркіретіп атап өтті.
Сабыр Амантайұлы, Aport Mall басқарушы директорының орынбасары:
— 17 жыл ішінде Aport Mall тек сауда орталығы ғана емес, көңіл көтеріп, жақсы демалып, уақыт өткізетін орынға айналды деп ойлаймыз. Ай сайын миллионнан астам қонағымызды қабылдап, оларға жақсы әсер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын орынға айналдық.
Талғат Жұмағұлов, Aport Mall әкімшілік кураторы:
— Aport Mall — отбасылық сауда орталығы, барлығы отбасы үшін жасалған. Біз балаларға да, ата-аналарға да жақсы көңіл күй мен керемет эмоция сыйлауға тырысамыз. Олар мұнда сауда жасап, туған-туыстары мен жақындарын қуанта алады. Жетістіктеріміздің бірі ретінде ай сайын бізге миллионға жуық адамның келетінін айтуға болады.
Aport Mall West — еліміздегі ең ауқымды сауда орталықтарының бірі. Оған ай сайын миллионнан астам келушінің табан тіреуі дәлел. Саудадан бөлек, әр қонағын түрлі сыйлықтармен қуантып жүрген молл айтулы датаға орай ауқымды байқау ұйымдастырды. Іс-шара барысында 100-ден астам сертификат пен түрлі техника ойнатылды.
17 жылдық тарихы бар Aport Mall әлі де даму үстінде. Алдағы уақытта жаңа серіктестер қосылып, моллдағы танымал брендтер қатары толыға түспек.
Сабыр Амантайұлы, Aport Mall басқарушы директорының орынбасары:
— Бүгінде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Соның ішінде жаңа футбол алаңы ашылады. Сондай-ақ жаңа брендтер мен фуд-корттар келеді. Олардың қатарында Popeyes, Hardee’s және басқа да жаңа мейрамханалар бар. Жалпы алғанда, Aport Mall West-те 60-қа жуық мейрамхана болады.
Молл қабырғалары келушілердің талай естелігі мен жайлы демалысының куәсі. Мерейтойға орай қонақтардан Aport Mall туралы пікірлерін сұрап білдік.
— Балаларыммен ай сайын осында келеміз. Тіпті Aport Mall-ға жақын болу үшін осы маңнан үй алдым. Өзіме Aport Mall өте ұнайды. Өткен желтоқсанда осында өткен ұтыс ойынына қатысып, теледидар ұтып алған болатынмын.
— Aport Mall сауда орталығындағы Magnum-да жұмыс істеп жүргеніме бес жылдай болды. Сауда орталығы өте әдемі әрі кең. Отбасымызбен келіп, демалуға өте ыңғайлы.
— Мен Алматыда 20 жылдай тұрамын және бұл сауда орталығына үнемі келемін. Біріншіден, жақын орналасқан. Жалпы, бұл жерді бүкіл отбасы болып демалуға, сауда жасауға қолайлы орын деп есептеймін.