Сүйіктісін соққыға жыққан Шәріп Серік кэнселге ұшырады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлия Бутеева, Ш. Серіктің экс-сүйіктісі:

– Мен сүйіктіммен мақтанамын. Жұмысы оңай емес екенін де білемін.

Можно повторно и ақырындатып дать осы сөйлемді или Мен сүйіктіммен мақтанамын дегенді, монтажер ағай

 

Дәл осы сюжет жүктелгенде актердың ғашығына қызыға да қызғана да қарағандар аз емес еді. Бірақ араға аз уақыт салып, Серік Шәріп «Талай жақсы күндерді басымыздан өткердік. Тағдыр сені маңдайыма жазбаған шығар.»,-деген жазба қалдырып, айырылысқандарын мәлімдеген еді. Актер мәселеге тағдырды кәнілағанымен, гәп мынада екен.

 

Өткен апта актердің экс-сүйіктісі Алия Бутеева осы таспа мен соққыдан алған жарақаттарының суретін желіге жүктеп, зорлық-зомбылықтың құрбанына айналғанын жария етті. Видео тарала салысымен Шәріп медиакэнсел-ге ұшырады. Белсенді-блогерлер байкот жариялап, кинокомпаниялар мен брендтер актермен келісімшарттың күші жойылатынын хабарлап, жұмысты тоқтататынын мәлімдеді.

Баян Мақсатқызы, продюсер:

– Ол бірнеше жобасынан айырылды. Сіз актер таңдағанда мән бересіз бе?

– Әрине. Шакенти таңғажайып актер. Өнерін бағалаймын. Мен оның рөлдерімен таныспын. Өкініштісі, ол абьюзер болып шықты. Біз мұндай ер-азаматтармен жұмыс істемейміз.

 

Көпті дүрліктірген әңгімеге рэп орындаушысы Сэймо қосылып, өзі де экс-күйеуі Шәріп Серіктің тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеді. « Тұрғынүй кешенінің алдынада қол көтергене болатын, бірақ мен видеоны ала алмадым. Ал сол түні әрі қарай не болғанын айтып бастасам ұзақ әрі қорқынышқа толы әңгіме». Осылайша жұртты қызықтырғанымен әңгімесін ашып айтпады.Толық ақпар бермеді, сұхбатқа да келіспеді. Есесіне әнін ұсынып үлгерді.

 

Алия Бутеева-да парақшасында толық сұхбат беруге дайын емес екенін мәлімдеді. Тек белгісіз номерлерден қоңырау келіп жатқанын және жеке басының қауіпсіздігіне алаңдаулы екенін жеткізді. Біз Алматы қалалық ПД-не хабарласып, жәбірленушінің тиісті органның бақылауына не қорғауына алынып алынбағанын сұрадық.

Оқиғаның болған орны мен уақыты, объективті мән-жайлары анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі:

 

20 сағат үнсіздіктен соң Шакенти кешірім видеосын жүктеп, өкінішін жеткізді.

Шәріп Серік, актер:

- Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын. Өкінішке қарай, сіздердің бәріңіз менің Алия Бутееваны лифтіден дөрекі түрде сүйреп шығарған видеоны көрдіңіздер. Өзімді ақтағым келмейді. Мен қателікке бой алдырдым және заң бойынша жауап беруге дайынмын.

Үнемі қызуқанды жігіттердің рөлі бұйыратын актерден бірнеше ай бұрын кейіпкері мен өзінің ұқсастығы жайлы сұрағанбыз,

Шәріп Серік, актер:

Өмірде одан да жаман шығармын...Мен жай ғана қызғаншақ емеспін, мен меншіктеп аламын.

– Абьюзерсіз ба?

– Оны қазір абьюзер дейді. Жоқ енді қызғаншақпын.

 

Айта кетейік, іске қатысты арнайы сот отырысы өтіп, Шәріп Серік 73 баптың баптың 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып 5 тәулікке қамалды.