Жазира Еркін енді театр актрисасы атанбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Медиа кеңістіктегі танымал ару - Жазира Еркін енді театр сахнасында! Десе де өнер иесінің бұл қадамын кәсіби мамандар сынға алуда! Дипломы жоқ актриса мемлекеттік театрдан шықырту алғаны рас па? Еркін-тегі хейтке қалай жауап береді? Жауабы келесі сюжетте.

 

Жазира Еркін түсірілім алаңын үлкен сахнаға алмастырды! Еліміздің киноиндустриясына кеңінен танымал өнер иесі енді өзін жаңа қырынан көрсетпек. Актриса күні кеше жеке меншік театрдағы алғашқы спектакліне дайындықты бастап та кетті:

– Ұсыныс кімнің тарапынан түсті?

Жазира Еркін, актриса:

– Осы театрда жұмыс істейтін Жанаргүл Жаныаманова деген актриса бар. Сол кісінің ұсынысымен мені осы жаққа жұмысқа шақыртып отыр. Маған бірінші болып Алмас аға хабарласты. «Қалай қарайсың?» деді. Мен айтамын: «қалай қарағаны несі? Мен екі қолдап қосылайын деп тұрмын ғой қазір дайын тұрмын» деп бірден келістім негізі.

– Бірден келісуіңізге не себеп болды?

– Бұл менің бала күнгі арманым.

 

Жазира Еркіннің алғашқы спектаклі «Мені тауып алшы» деп аталады. Туындының авторы – Мадина Омарова, ал режиссері – Елік Нұрсұлтан. Айта кетейік, бұл Жазира Еркіннің театр сахнасындағы дебюті емес. Өйткені:

– Отандық театрда қадамыңызды алғаш басып жатсыз. Алайда біз білеміз сіз Ресейде театр сахнасында өнер көрсеттіңіз. Қандай айырмашылық бар?

Жазира Еркін, актриса:

– Актерлық тұрғыда айырмашылық жоқ. Керісінше өзіміздің ана тілімізде ойнау маған екі есе көңіліме жағады.

Жазира Еркін спектакльде Зарина есімді кейіпкерді сомдайды. Актрисаның айтуынша, ол тағдыр тәлкегіне ұшыраған аңғал бойжеткен.

– Премьерадан кейінгі кез келген пікірге дайынсыз ба?

Жазира Еркін, актриса:

– Дайынмын. Жалпы театрдың кухнясы қазір кішкене таңғалып жатыр екен енді ұзынқұлақтың айтуы бойынша: «ол жаңағы Өнер академиясын бітірмеген, ол Шабытта оқымаған! Қалай болады?» - деген сияқты. Ертең оның барлығын тек қана іспен дәлелдеу ғана қалды шыны керек. Бұл жерде нағыз мамандар, нағыз шеберлер мені сынайын деп тұр және де сынасын. Мен шынымен де олардың ойын естігім келеді.

Жазира Еркін, актриса:

– 29 мамыр күні, Конкордия театрында «Асылтас» театрының «Мені тауып алшы» спектакліне келіңіздер. Біз сіздерді асыға күтеміз.

Автор: Ш.Кусаинова