«Miami sunrise» жаз маусымын ашық деп жариялайды. Аптап ыстықтан шаршасаңыз, «Aport Mall West» ойын-сауық орталығындағы аквапаркке асығыңыз. Себебі мұнда келушілерге арнап 4 түрлі бассейн дайындаған екен. Оның бірі толқынды су алаңы.
Саяра Нуриева, «Hawaii&Miami» және «SanRemo» аквапаркі маркетинг бөлімінің директоры:
– Бассейндердің бірі термалды. Өздеріңіз білесіздер, ол өте пайдалы. жылдың 4 мезгілінде де жұмыс істейді. Қыста да келе аласыздар, суық күні +38 градустағы суға түсу денсаулығыңызға оң әсер ететіні сөзсіз.
Аквапаркте атракциондар барын да еске саламыз. Түрлі эмоцияға бөленгісі келетіндер экстремалды түрлерін таңдай алады.
Саяра Нуриева, «Hawaii&Miami» және «SanRemo» аквапаркі маркетинг бөлімінің директоры
– Балаларға арналған жаңа алаңқайлар дайындадық. Бұл Splash-кеңістік ең бірінші кезекете ата-аналарды қуантары сөзсіз. Әуесқойлар Волейбол ойнай алуы үшін де бар мүмкіндіті қарастырдық.
Ашылу салтанатына ұйымдастырушылар аквапаркте ерекше балалар өз қатарластарымен еркін қозғалып, алаңсыз демалуі үшін бар мүмкінлікті қарастырғандарын атап өтті. Сондай-ақ, шарада эстрада жұлдызы Беркут бой көрсетіп, балаларының емалысы үшін Miami sunrise - ті таңдайтынын атап өтті.