Д. Қыдырбек:
– Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жұртшылық бүгін Алматы аренада бас қосты. Себеп біреу: Димашты жақыннан көру, әнін жанды дауыста тыңдау.
Димаш 31-ге толған туған күнін тыңдарманымен атап өтті. Ғаламды мойындатқан әнші әлемнің 45 елінен келген жанкүйерінің басын қосып, фан-кездесу өткізді.
Wendy Mrazek, жанкүйер (Франция):
– Қараңыздаршы таңғалып тұрмын. Мында біздің туда белгіленген күн мен қыран бүркіт бар. Мұнда Димаш деп жазылған екен. Бірнеше тату салған жанкүйермен сөйлесейік, ендеше.
– Мен татуировка жасаттым. Себебі, Димаш мен үшін Бұл татуды The Story of One Sky әнінің құрметіне салдырдым. Мұнда әннің сөздері жазылған. Ал солқолыма қазақша нұсқасын жаздырттым.
– Әлемде бірлік болсын. Бейбітшілік жасасын деп қазақ тілінде жазылған екен.
Бұл Уендидің Димаш үшін Қазақстанға екінші рет ат басын бұруы. Алғаш елордамыз астанадағы концертіне барса, бүгін Алматыдағы кеш үшін Франциядан арнайы келген.
Yulia Arad, жанкүйер (АҚШ):
– Бүгін менің Димаштың концертіне 16-рет келуім. Осыған дейін Сингапурде өткен Виртуоз шоуға барғанмын.
Димаш жанкүйерлерімен жылы шығармашылық атмосферада әңгімелесіп, сұрақтарына жауап берді. Көптің көкейіндегі жеке өміріне қатысты сауалдар айтылмады. Есесіне бар жаңалығымен бөлісіп, ағынан жарылды. Ұлтының ұлы баласы 2026 жылы Қытай телеарнасында өтетін вокалдық шоудың продюсері ретінде таңдалған екен. Оған дейін Нью-Йорк қаласында жеке концертін өткізуге бел байлап отыр.
Айым Сейтметова, актриса:
– Жақында ғана Димаш Құдайбергеннің клипінен көрдік, бәрі қалай басталды?
– Режиссер мен Димаш екеуі, иә. Димаш айтуынша менің эмоциям жақсы келеді. Өзімде комедиялық образдарды көп самдағанмын, камерада сүйкімсіз боламын деп қорықпаймын.
Сұрақ-жауап кезеңі аяқталған соң сахнаға отандық әншілер шықты. Димаштың қоржынындағы 4-5 актавалық әуенді сол қалпында орындау біздің жұлдыздарға қиынға соққан сыңайлы. Әйтеуір Құдайберген-тегінің репертуарындағы музыканы өзіндік стильде, жаңа интерпретацияда айтты
Amre, әнші:
– Сіздің вокалдық деңгейіңіздің жоғары екенін, біраз әлемдік сахналарда өнер көрсеткеніңізді, байқауларда елімізді танытқаныңызды білеміз. Десек те Димаштың репертуарындағы әнді орындау Амреге қаншалықты оңай немесе қиын болды?
– Бұл әнді орындау қиын болды. Себебі Димаштың нұсқасына құлағым үйреніп қалған. Димаштың әдемі линисы бар, бриканту дейді итальян тілінде айтқанда. Менікі басқа вариянт попсовый музыкаға жақындау болады. Психологиялық тұрғыдада қиын ғой. Жасыратын несі бар.
Сакен Майғазиев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші:
– Енді бұл жолы Назгүл Қарабалина концерттің режиссері хабарласып, Димаш сізді құрметтейді, сіздің үнемі қолдауыңызды сезеді сол себепті сізді “Дайдидауды” айтуға ұсыныс жасады. Мен бірден келістім,
Айта кетейік, фан-кездесудің соңы премьераға жалғасады екен. Бүгін еліміздің барлық кинотеатрларында «Стренджер» атты жеке концертінің жабық көрсетілімі өтпек. Ендеше кештің кинонұсқасын өтізіп алмаңыз, көрермен.