Beu Fest! Эксклюзивке толы open air-де 6ELLUCCI тобы бетпердесін шешкені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim

– Заманауи қазақ әуенінің келбеті – Беу фест сізді жарқын музыкалық әлемге ұшыруға дайын! Борт тізгіні танымал шоумендер Еркебұлан Мырзабек пен Марат Оралғазинде! Бұл жолғы сапар қандай қызықтарға толы болмақ? Бірге білейік!
– Beu ол заманауи музыка.

– Beu - ынтымақтастық.

– Бұл - жаңа мүмкіндік.

– Вот Beu-дің адамдары бееу ғой, пах шіркін!

Трамплин, ашық аспан, хитмендерді тоғыстырған алаң. Алғаш болып кештің шымылдығын ашқан, белгілі музыкант Молданазардың шәкірттері. Инди-фолк жанрында ән шырқаған өнерпаздар аталмыш фестиваль сахнасында тұңғыш рет.

«Kunzharyq» тобы:

– Толқып жатырмыз, қуанып жатырмыз. Сезімдер араласып наурыз көже болып жатыр қысқасын айтқан кезде.

Кейіннен тыңдарманның сүйіктісіне айналған тағы бір ерекше дарын иесі, заманауи Шәмші - АРО шықты. Музыкант «Адай» күйіне жазған әнін домбыраның сүйемелдеуімен орындап, сахнаның сәнін келтірді.
АРО, музыкант:
– Осы Beu фестивальінде бірнеше жыл қатарынан өнер көрсетіп келе жатсыз. Жалпы бұл фестиваль сізге несімен ұнайды?
– Beu фестивальі несімен ұнайды? Бұл жерде құлақ мониторда Леша жұмыс істеп жатыр. Маған сол ұнайды.
– Сіздің феномен неде деп ойлайсыз?
– Менің феноменім — мына ескі қазақтың өнерін қазіргі жаңаша өнермен байланыстыра білгенімде шығар.

 

Lineup-қа музыка әлемінің ең үздіктерін жинаған фестиваль биыл да таңқалдырудан тайсалмады. Мысалы, Ninety one-дық Аlem ән айтып бастаған сәтте микрофоны қосылмай қалды. Дегенмен, музыкант еш саспай өнер көрсетуін жалғастыра берді.
 

Шараның эксклюзивке толы тағы бір тұсы: «6ELLUCCI» тобының жігіттері бетперделерін шешпесе де, арнайы сұхбат берді.
«6ELLUCCI» тобы:

– Жалпы бұл сіздердің фестивальға шығып жатқан бірінші өнер көрсетулеріңіз, иә?
– Beu фестивальінде иә.

– Жалпы осы 6ELLUCCI-дың шығармашылығындағы ең бір ерекше тұсы бар ма?

– Оны тыңдармандардан сұрау керек.

– Алдағы уақытта тыңдарманды қандай жаңалықтармен қуантасыздар?
– Құпия болып қалсын. Біз өте құпияны жақсы көретін жігіттерміз. Сондықтан түрімізді көрсетпейміз.
– Бүгінгі кешке кім үшін келдіңіздер?

– Sау Мо үшін!
– V $ X V PRiNCE

– Sау Мо!
– V $ X V PRiNCE!
– Sау Мо!

Көп күттірген жұлдыздың бірі – Say Mo! Музыкант сахнада 20 минуттық шоу жасап, басты хэдлайнер V $ X V PRiNCE-ті басып озды десек артық емес. Бұл сөзіме көрерменнің өзі дәлел.
Sау Мо, музыкант:

– Енді жаңа шоу жасадыңыз, прям вау болды, от қылдыңыз жауынның астында. Қанша уақыт дайындалдыңыздар?
– Менің бишілерім бір апта, мен 2 күнде келіп дайындалып тез-тез.

– Мен деген үш рет в шоке болдым.Cоңғы әуен бәріміз отырайық деп бәрі отырды, блин күштісіздер, рақмет! Бәрі қолдады ғой. Отырды да сосын деген секірген кезде мен соңында жылап. Есіме алсам жылағым келе береді.

– Киіміңіз осы концерттен қалған ба или арнайы тіктірдіңіз бе бүгінге?

– Арнайы тіктірдім. Менің ең басты мақсатым бұл — сахнада – профессионалдығымды көрсету болды. Бұның бәрі с нуля тігілген. Мынаның бәрін кеше, кеше отырып түнімен жабыстырдық, мынаны тоже жабыстырдық. Өзінікі, өндірістікі деген акцент болып қалды кішкене.

– 8000 адам жауынға қарамастан, билеп, көңіл көтеруді жалғастырып жатыр. Бұл кеште Алматы аспанының өзі қуанышын жеткізіп, бақыттан қосыла жылап тұрған секілді. Ал дәл қазір сахнада:

Осылайша бірнеше сағатқа созылған open ai
r көрерменге ерекше эмоция сыйлап, ыстық естелік қалдырғаны анық.