Бұхар Марат, кинопродюсер, сценарист:
– Жалпы киноның идеясы туралы айтып беріңізші. Қалай туды ең алғаш?
– Жалпы бұл жоспарымыз бір жылдан бері келе жатыр «bayGUYS» ұжымымен фильм түсіреміз деген. Негізі менің жеке өзімнің арманым болатын Қазақстанда супер қаһармандар туралы фильм түсіру. Өйткені кішкентайымнан бастап ана Spider-Man бар, Batman бар соларды көріп өстік та. Мен кішігірім жеке өзімнің гештальтымды жауып жатырмын десек болады бір жағынан.
Суперқаһармандар жайлы фильм дегенді естігенде бастапқыда біз де плагиат, Marvel-дің көшірмесі болар деп ойладық. Сөйтсек жігіттер қазақтың батырларын әлемге танытуды көздейді екен.
Бағжан Данай, актер, әзілкеш:
– Сценарий басқа комедиялардан, басқа фильмдерден несімен ерекшеленеді?
– Басқа фильмдерден ерекшелігі — қазақи болмыстағы әзілдерді жаңағы суперқаһармандарға жатқыза білдік деп ойлаймын өзім.
Мағжан Нұрғали, актер, әзілкеш:
– Ерекшелігі – бұлар шынайы. Оларда өтірік төбелес, өтірік бірдеңелер болады ғой. Кез келген өзіміздің ұлтымыз, қазақ түсінетін фильм. Әлемдің кино болады деп айта аламын.
Ең қызығы мұнда Spider-Man, Batman секілді есімдер болмайды. Шынайы болу үшін жігіттер өз аттарын қалдырған.
Жалғас Елеусінов, актер, әзілкеш:
– Киіміңізге тоқтала аламыз ба? Бұл сіздің просто қарапайым киіміңіз ба? Әлде суперқаһарман кезінде осы образбен шығасыз ба?
– Жоқ, бұл менің суперқаһарман киімім. Өйткені бұлар енді ауылдың балалары ғой. Сонымен, суперқаһарман үнемі өздеріне костюм тігіп алады. Енді бұлар ауылдан болғаннан кейін, не бар соны құрастырып киіп алған. Және де менің супер силам – осымен атамын.
Мөлдір Нұрғалиқызы, @moldirr_kozim
– Дәл қазір жігіттер экшн сахнаға дайындық жүргізу үстінде. Айтуларынша барлық каскадерлік трюктерді актерлердің өздері орындайды екен.
Мағжан Нұрғали, актер, әзілкеш:
– Терлеп кетіпсіз. Қалай екен каскадерлік сахналарды орындаған?
– Иә. Бұл енді мен үшін...
– Жалғас, Бағжандарға қиынға соғуы мүмкін. Бұл мен үшін үйреншікті жағдай. Жұмысты осылай сығылып, терлеп соңына дейін істеу керек деп ойлаймын.
Қайрат Әділгерей, актер, әзілкеш:
– Кімнен таяқ жедіңіз?
– Осы «bayGUYS»-тың жігіттерінен. Жігіттерге бір ауыр-ауыр сөздер айтып қойғанмын. Соны көтере алмады. Бірақ ішінде шындық бар, тәкаппарлау екен.
– Сценарий несімен ұнады. Қандай да бір ерекшеліктер болды ма сіз үшін?
– Сценарийді мен шыны керек білмейді екенмін. Мен өзім ойнап жатқан адам полиция қызметкері екенін білемін. Бірақ не істеп, не қойып жүргенін білмеймін? Маған өзіме қызық.
– Оны әдейі айтпай отыр ма?
– Оны айтпай отыр.
Фильмнің негізі идеясы өте актуалды тақырыпты қозғамақ. Әлемдік аренаға шығуды көздейтін ұжымның тағы бір мақсаты аталмыш туындыны франшиза жасау.
Мағжан Нұрғали, актер, әзілкеш:
– Қазіргі жастар кім боласың десе, басқа бір суперқаһарманды айтуы мүмкін. Басқаны айтуы мүмкін. Біз неге «әкем сияқты боламын!» деп айтпаймыз? Қазіргі қоғам неге сондай деген кішігірім бір ауқымды тақырып.
Жалғас Елеусінов, актер, әзілкеш:
– Өйткені Қазақстанда суперқаһарман жоқ дейміз ғой. Сол бір Қазақстаннан шыққан алғашқы Marvel сияқты болса екен деген ниет бар бізде.