Сержан Молдасанұлы, продюсер:
– Неге дәл Ғазизхан Шекербековты таңдадыңыздар?
– Әртүрлі себеп болады, біріншіден маркетинг деген нәрсе болады, екіншіден барып белгілі бір шешім болады режиссурада жалпы. Одан кейін белгілі бір материалдарға байланысты, әндерге байланысты секілді сонда қайбір өлшемдермен қарасаңыздарда ол Ғазизхан Шекербек дәл осы спектакльге сұранып тұр.
Ғазизхан Шекербеков, актер, әнші:
– Бұл фильм шыққан кезде сіз қанша жаста болдыңыз?
– Мен есімде жоқ. Мен ол киноны көрген жоқпын әдейіге…… Киноны көргем былай былай бала кездерімде, бірақ әдейі спектакль дегеннен бастап әдейі көрмей қойдым.
Шекербек-тегі өзін театрдың нағыз жанкүйерімін дейді. Және ұсыныс түскенде бірден қабылдағанын жеткізді. Дегенмен «дипломсыз актерлерді киелі сахна кешірмейді» деген тіркесті тілге тиек етіп ек, мынадай жауап алдық.
Ғазизхан Шекербеков, актер, әнші:
– Енді таныстарғой, таныстар. Араға таныстарды салдым.
– Сынға ұшыраймын деп қорықпайсыз ба?
– Жоқ мен сол таныстарым жауап береді деп ойлаймын.
Таныстарыңыз таудай қып аспанға көтереді деп сенгенде, тастай үгітіліп, құмша шашылып қалмассыз деп сенеміз. Себебі, театр майталмандары ендігі актердің ойынына мынадай пікір білдірді.
Ерлан Біләл, театр және кино актері:
– Актерлік мамандық жайдан-жай 4 жыл оқылмайды. Бұл ғылымға негізделген, нақты ғылымға негізделген кәдімгі күрделі мамандық. Оған бей-жай қарап, жолдан кетіп бара жатып сахнаға шыға салады екенмін, өнер көрсете салады екенмін деген ол қателік.
Фархат Молдағали, қоюшы-режиссер:
– Қандай актер екен Ғазизхан?
– Ғазизханға жаңағы ескертуім көп. Ғазизханға айтып жатрымын құлағына, «менің саған айтатын дүниелерім көп» деп.
– Егер өзіңіз спектакль қойсаңыз Ғазизханды басты рөлде алар ма едіңіз?
– Жоқ, Ғазизханды алмайтын едім. Ғазизханмен композитор ретінде жұмыс істейтін едім.
Аталмыш спектакль тағы бір тәуелсіз театр ұсынған туынды. Ең қызығы мұнда көз үйренген әдеттегі актерлер емес, 4-курс студенттері жиналған.
Лаура Айтқалиева, театр актрисасы:
– Дебют құтты болсын! Премьераларыңызбен құттықтаймын. Әсерлеріңізбен бөлісіңіздерші?
– Мен өте қатты толқыдым. Бірақ көрерменнің ыстық ықыласын сезіндім. Сол үшін сахна тез көзді ашып-жұмғанша өтіп кетті.
Мархабат Тоқтар, театр актері:
– Менде сахнадан кетпей, кеткім келмейтін сезімде тұрмын әлі. Ойнай бергім келеді одан әрі.
Сонымен, Ғазизхан басты рөлге текке алынбаған. Өз келбетіне, болмысына сай үлкен Оралдың естелігін жеткізетін авторды сомдап, әнмен көркемдеп отырды.
Ғазизхан Шекербеков, актер, әнші:
– Әсеріңізбен бөлісіңізші?
– Мен әлі әсерді түсінбей жатырмын андай не болып жатқанын, қалай айтса болады бұл енді мен үшін бірінші сахна болғаннан кейін бұл жақта мен қалай жасадым, не болды әлі өзім түсінбедім. Енді көрген адамдар керемет деп айта береді әзірге ешқайсысына сенген жоқпын.
– Енді алдағы уақытта театр сахнасындағы жұмысыңызды жалғастырасыз ба?
– Қуана жалғастыратын едім егер бүгінгі ойнағаның жақсы деп ары қарай шақырып жатса.