Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova
– Біз дәл қазір осы телефон арқылы өмірлерін халық үздіксіз тамашалайтын Дархан мен Дариғаның шаңырағындамыз. Үнемі ел назарында жүрген блогердлер оқырмандарын қаалй қуантпақ. Бірге білейік.
ШВ: кадры со сьемок
Көпшілік Дариді блогер, Дархан Жолышыбековтың жары, арысы кәсіпкер деп таниды. Бірақ өзі «регалиіндегі» бұл «атақ»-тарға көңілі толмайтын сыңайлы.
Daricorn, блогер, әнші:
– Көбісі енді Дарханға үйленгеннен кейін көбісі мені блогер деп қабылдап қалды. Ал мен 2018 ден бері әндер шығарып келе жатырмын. Содан кейін аяғым ауыр болды, үйтіп-бүйтіп үйде жатып қалдым. Содан кейін шығармашылыққа мән бермей кеттім. Енді қазір мені әнші ретінде қабылдаса екен деп жұмыс істеп жатырмын. Алда көп пландар бар негізі. Көп әндер жазып жатырмын.
Daricorn-ның «әнші ретінде танылғым келеді» дегені - құрғақ әңгіме емес. Себебі ару мақсатын жету үшін білек сыбана кіріскен. Жаңа трек жазып қана қоймай, бейнебаянның түсірілімін де бастаған.
Daricorn, блогер, әнші:
– Авторы кім? Жанры қандай әннің?
– «Жарық берші жаныма» деген ән. Менің күйеуіме арналған. Ол жерде қиын кездерде менің қасымда табылдың деген мағынада жазылған ән.
– Бұл клипта біз love story қостық, достарымызбен жиналған көңілді кештерден кадрлар қостық и ойын-сауық кадрлар да болады. Барлығын қосып жатырмыз, не бар бәрі бар.
Айта кетейік, бұл Дариғаның қоржынындағы алғашқы бейнебаян емес. Сондықтан 1 жыл бұрын «Бренд» әніне түсірген клипы YouTube хостингінде 2,8 млн қаралым жинаған екен.
Түсінуімізше, Дариға тек шығармашылықтың қамымен жүр. Ал қаржы мен бейнебаянның шығыны – Жолшыбековтың мойынында екен.
Дархан Жолшыбеков, блогер, Daricorn-ның күйеуі:
– Локация – үйлеріңіз. Қатты шашылып жатқан жоқсыздар. Бірақ образ бар, басқа бар дегендей. Жалпы құны қанша клиптің?
– 5 пен 10 мың доллардың ортасында кетеді деп ойлаймын мен өзім ше. Енді минимум 5 мың доллар ойлаймын.Тағы шығындар боылп жатса, енді монтаж, операторлар айтса мүмкін шетелге шығарып жасатармыз. Білмейміз енді оны.
Дари клиптің түсірілімімен тоқтап қалмақ емес. Алда аренаны толтырып, үлкен кеш өткізуді жоспарлап отыр.
Daricorn, блогер, әнші:
– Білмеймін, оны айтуға бола ма болмай ма? Келесі жылы мен өзімнің үлкен жеке концертімді бергім келеді. Оған дейін мен ай сайын әндер шығарып отырамын.
– Дайындық басталып кетті ме? Жалпы қайда өткізесіздер?
– Енді оны білмеймін. Менің тыңдармандарыма қаншалықты әнім өтеді, қаншалықты көбейіп жатқан фан-база көбейген сайын үлкен аренада шығам деген ойдамын.
Әңгімесінен аренаны толтырмаққа ниетті екенін ұқтық. Ал жоспары қаншалықты іске асатыны болашақтың еншісінде.