Виктория Стрекалина, идея авторы:
– Біз мұнда қарапайым өнімдерді ерекше етіп ұсынуға болатынын көрсеткіміз келді. Мен үшін тәтті тағам – өнермен тең. Астың дәмін татпас бұрын, оған алдымен көз тою керек. Және гастрономиялық ләззат сыйлау үшін, оны ең алдымен ұсына білу өте маңызды.
Кешке келген қонақтар подиумға шыққан тағамдардың дәмін көріп, оларды бағалау мүмкіндігіне ие болды. Green флаг жинаған ас кейтеринг мәзіріне қосылатыны хабарланды.
Ашық аспан астында ұйымдастырылған шарада қонақтар үшін бар жағдай жасалған. Таза ауада дайындалған ыстық тамақ, тегін сусындар, тіпті балмұздаққа дейін болды. Подиумға шыққан асқа баға беріп болғаннан кейін, жиылған жұрт иммерсивті театрдың қойылымын тамашалауға жайғасты.
Юджин Тен, блогер, тиктокер:
– Ерекше. Мен біраз сән көрсетілімдерді болғанмын. Ал мұнда тамақ алып шығады, және сен сол жерде дәмін көресің. Сонысымен қызық.
Ирина Байжанова, продюсер EFW:
– Мен үшін жаңа формат. Сән көрсетілімінің өкілі ретінде мен үшін ерекше гастро-шоу болды. Бұл жоба Қазақстан үшін жаңалық бола алады деп айта аламын.
Дмитрий Хон, food блогер:
– Мен осыған ұқсас шараларда болғанмын. Бірақ бүгінгі ұйымдастыруды ерекше атап өткім келіп тұр. Бәрі өте әдемі. Стейктер қуырылып, сусындар төгіліп жатыр. Алматылықтарға бұдан артық не керек?
Аталмыш шара - кейтерингтегі жаңа деңгей. Әр тағамды ұсынар кезде эстетикалық ләззат сыйлау, бұл жобаның басты мақсаты. Мәдениеттің ордасы Алматыдан бастау алған «Modern fashion show» енді Астана, Шымкент, Атырау қалаларында жалғасын таппақ.