ДЖЕННИФЕР ЛОПЕС АЛМАТЫДА | АНШЛАГ, ЭНЕРГЕТИКА, АТМОСФЕРА!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

– Алғаш рет ғаламдық жұлдыз Дженнифер Лопес Қазакстанда! Осыдан 10 күн бұрын елдордамыз Астана әлемдік поп-артисті зор қошеметпен қарсы алған еді. Бүгін кезек – Алматыда. Мыңдаған жанкүйер күткен тарихи сәт жақындап қалды!

 

Дженнифер Лопестің елімізге концерттік бағдарламасымен келуі – мәдениет саласы үшін үлкен жаңалық. Әлемдік поп-жұлдыздың өнерін тамашалау үшін «Орталық стадионға» 35 елден 8 мың турист арнайы келген. Ал отандық тыңдарман саны - 20 мыңнан асты.

– Біз арнайы Ресейдің Омск қаласынан келдік.

- Көңіл-күйіміз керемет әрине, бірақ ауа-райының тым ыстық болуы және сағаттап кезекте тұрғанымдан энергиямыз азайып қалғандай.

– Біз сағат 12-ден бастап кезекте тұрмыз. Джей Ло үшін бәріне дайын болып келдік.

- Иркутск, Сибирь, Байкал.. Бала кезімізден Джей Ло-ның әндерін тыңдап өстік қой. Оған қоса әртіс ретінде харизмасы мен энергетикасы қатты ұнайды. Қалай тәнті болмайсың.

 

Даут Шайхисламов, продюсер, ұйымдастырушы:

- Астанадығы концерт өте жоғары деңгейде өткеніне бәріміз куә болдық. Алматы қаласы, дайын ба?

- Алматы дайын. Бүгін 25-мыңнан астам, көп туристтер болады. Алматы оларға қатты ұнап жатыр. 2026 жылда осындай класс «А» дейді ғой, осындай әртістер 3 әртіс болады. Қайрат Нұртаспен Шакира болуы мүмкін.

 

«First Media Group» компаниясы ұйымдастырған ауқымды шоу концертке 3000-нан астап қызметкер жұмылдырылған. Ал Джей Ло-ның командасында кем дегенде 100 өнерпаз бар.

 

Даут Шайхисламов, продюсер, ұйымдастырушы:

- Біз Дженнифер Лопеспен ұзақ уақыт келісімшарт жүргіздік. Астана мен Алматыға келуі үшін үлкен еңбек атқарылды. Қуантарлығы артисті жоғары деңгейде қарсы алдық, командасына да тыңдарманға да бәрі ұнап жатыр. Алматының Алатауынан шабыт алғандарымен бөлісті.

 

Концертке сағаттап кезекте тұрған тыңдарман арасында отандық жұлдыздар да жетерлік. Қарапайым халықпен бірге әлемдік жүлдызды күткен өнер иелері мұндай мүмкіндікті жіберіп алмауға тырыстық дейді.

Олжас Абай, актер:

- Жүрміз осы жерде. Елдің арасында жүрміз. Халықтың ішіндеміз.

- Қанша жылдан бері Джей Ло-ның фанатысыздар?

Дариға Бадықова, актриса, кинопродюсер:

– Мен сіздерге айтайын енді Джей Ло-ны біз бала күнімізден танимыз ғой. Бірақ мен өзім фанатеть етіп көрмеппін. Как әртіс ретінде, жаңағы жұлдыз ретінде еңбекқор адам ретінде қатты ұнайды өзіме жалпы.

Санди Бексырға, визажист:

- Мен Джей Ло-ның 25 жылдық фанатымын 12 жасымнан бастап қатты жақсы көремін және 2016 жылы Дубайда өткен концертіне тура осындай шоқ гүлдерін сыйлағанмын. Соны бүгін арнайы жасатып келдім Алматы қаласынан.

Әлия Юсупова, Қазақстан Гимнастика Федерациясының президенті:

– Жақында ғана Бейонсенің Парижде өткен концертінде болдым. Ол кезде қызымды апара алмап едім, Джей Ло келетінін естігенде бірден уәде беріп, міне бүгін осындамыз. Бір қызығы мен гимнастика саласында жүрсем де, қыздарға шоу-бизнес әртістерінің әндерін тыңдатпаймыз. Көбіне Димаштың лирикалық композицияларын қосамыз.

 

35 жылға жуық сахнада жүрген Джей Ло кешті өзінің хит тректерінен бастады. Артисті тағатсыздана тосқан фанаттардың алғашқы эмоциясын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Толқу, қобалжу, және өз көзіне өзі сенбеу! Мұның бәрі - әр тыңдарманның концерттен алған әсері.

Иван Червинский, блогер:

- Дженнифер Лопес 56 жаста да осындай керемет мүсінде болуға болатынын көрсетті, және бұл, меніңше, Қазақстан үшін де өзіндік бөлек мән мағынаға ие.

56 жастағы Дженнифер Лопестің энергетикасын сезінген көрермен, өнер иесінен үлкен мотивация алғаны сөзсіз. Поп-диваның мінсіз мүсіні, харизмасы мен таланты талай жанды тәнті етті.

Камила Саянқызы, тележүргізуші, блогер:

- Расымен де олардың жаңағы қолындағы мышцы релефтеріне қарап кәдімгі өзің де енді бір жігерлендіріп қоясың енді. Мен де барам фитнеске деген сияқты. Бірақ оны әйелдер әдетте дүйсенбіден одан кейін келесі дүйсенбіден деп жүре береміз ғой. Бірақ мына концерттен кейін меніңше фитнеске жазылған әйелдер саны артатын сияқты.

Дариға Бадықова, актриса, кинопродюсер:

– Енді маған мотивация бермейді. Мен енді Джей Ло-ны көріп арықтағым келеді деп айта алмаймын. Мен енді Джей Ло-ның еңбекқорлығын алғым келеді.

Олжас Абай, актер:

– Джей Ло-ны көріп мен азып кетуім мүмкін. Жалпы негізі елімізде осындай әлемдік жұлдыздардың концерт беріп жатқаны ол да бір жетістігіміз деп ойлаймын.

 

Концерт барысында gender party, құшақ құшақ гүлдер, түрлі сыйлықтар тіпті артистің үстіне мінген шегірткенің өзі әлемдік деңгейде талқыналып кетті. Жаңалық «People», «New York Post» және «Entertainment Weekly» сынды атақты басылымдардың эксклюзивіне айналды. Ал желідегі ақпараттарға сүйенсек, мұндай статистика ақылы болған жағдайда елімізге кем дегенде 15-20 млн доллар табыс әкелуі қажет.

 

Дженнифер Лопес өзінің «UP ALL NIGHT» әлемдік турының финалын дәл біздің елімізде аяқтайды. Бұл – тек концерт емес, бұл – Қазақстан үшін мәдени серпіліс!

Иван Червинский, блогер:

–Ең қуаныштысы, ол өзінің турнеcінің соңғы концертін өткізу үшін дәл Алматы қаласын таңдағаны. Это вот мне кажется вот по казахский это настоящий уважение.