Ғазизхан Шекербек көшеде тегін концерт қойды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova

Ғазизхан Шекербек тыңдарманын таңқалдырудан жалықпайды! Әдеттегі 3000 адамдық зәулім зал емес, дәл көшенің қақ ортасында – тегін концерт! Бұл қадамға не түрткі болды? Өнер иесі сахнаның жарығынан алыстап, халықтың арасына барғысы келді ме? Жоқ әлде кезбе өнердің қыр-сырын көрсеткісі келді ме?

 

– Кезбе өнердің қыр сырын көрейін дедіңіз бе?

Ғазизхан Шекербек, әнші, композитор:

– Шынымды айтсам, Алматының көрермендерін өзім сағынып қалдым. Алматыда менің концертім 2-мамыр күні өткен Республика сарайында. Бірақ одан кейін үш ай өтті ма, үш айдың ішінде қатты сағындым. Енді қайтадан Республика сарайында концерт беру өте қиындау енді... Бір жылда 2 рет концерт беруге әлі жүрек бармайды.

 

Әншілер әдетте концертін айлап жарнамаласа, Ғазизхан Шекербеков инстаграм парақшасында бір күндік сториспен ғана шектелді. Қарапайым музыканттың мұндай таңдау жасауы да бекер емес екен.

Ғазизхан Шекербек, әнші, композитор:

Жалпы мен осы менің сторис салғанда қайта-қайта жарнама жасасам ол кезде менің тыңдармандарым ғана келуі мүмкін. Сосын қайтадан мен өз-өзіме алданып қалуым мүмкін. Бәрі керемет екен деп.

Арбатта да ән айтатындар көп қой, бір халық жиналмай қалама деген қорқыныш болған жоқ па?

Сәл-сәл болды. Мойындау керек. Ол қорқыныш болмаса ол енді қиын шығар. Менде болды.

 

– Қай әнді қосылып шырқадыңыз?

– «Еркекпін мен» дейтін.

– «Көріктім», «Ләңгі».

– «Еркекпін мен» деген әнді. Мен де сол әнді.

 

Жарнамасыз ұйымдастырылған кеште музыкант тыңдармансыз қалған жоқ. Ғазизхан Шекербектің лирикалық әндері жүректерді баурап, ырғақты туындылары жұртты биге шақырды.Айта кетейік, өнер иесі 26 қазан мен 10 қараша аралығында еліміздің барлық өңірінде концерттік тур өткізуді жоспарлап отыр.

Жаңа әндер орындала ма? Қандай ерекшеліктер болады концертіңізде?

 

Ғазизхан Шекербек, әнші, композитор:

Менің концерттерімді негізі ютубқа көп салмаймын. Себебі, келіп көрсін деймін. Әр концертке әртүрлі дайындаламын негізі. Бұл концертке де біраз қызықты ойлар жинап жүрмін.

Айтпайсыз ба?

Иә ол концертке келген адамға қызық қой ол, сол жерде ғана.