Ақерке Арыс гонорарының құнын атады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ақерке Арыс гонорарының құнын атады!

 

Дүрия Қыдырбек, тілші

Камера, мотор, бастаймыз! «Ол сен емес» фильмінің түсірілім алаңындамыз.

 

«Ол сен емес». Ақерке Арыс осылай аталатын жаңа туындының түсіріліміне білек-сыбана кірісті. Бұл жобада қызмет ету – оңайға соғып жатқан жоқ дейді. Себеп - жүктілігі. Ай-күні жақындап қалғанына қарамастан келіскенімен қаламақысын қымбаттатқан екен.

Ақерке Арыс, актриса:

Менің гонорарым алдыңғы жылғыға қарағанда әлдеқандай көп деп ойлаймын. Сонымен қатар продюсеріміз Гүлнұр Мамасарипова хабарласқан кезде, мен сіздің біршама туындыңызда жүрмін, «осындай баға айтсам қалай?» деп едім, жоқ деген жоқ, ол кісінің ойы да менікі мен сәйкес келіпті.Ешқандай талқылау болған жоқ, аяғым ауыр деп қатты кетпедім. Солай келістік.

Қанша екенін айтпайсыз ба??

Соңғы үлгідегі, салоннан бір тәуір көлік ала аласың.

 

Фильмнің желісі қарапайым отбасының оқиғасы төңірегінде өрбиді. Кенеттен ерлі-зайыптылардың тәні мен жаны алмасады. Басты рөлдің бірін сомдаған актер Нұрсұлтан Үсенов осы образ арқылы «әйелдің мойнындағы жүктің ауыр екенін түсіндім»-дейді.

Нұрсұлтан Үсенов, актер:

Eнді түсірілім барысында да түсініп жатырмыз. Әйелдердің жұмысы азаннан басталады, ал біздер ұйықтап жайбарақат жата береміз. Бірақ ер адамдар ірі дүниені ойлайды ғой, жалпы отбасы, жұмыс, ал әйелдер әрбір ұсақ-түйекті ойлайды.

 

Фильмнің продюсері - Гүлнұр Мамасарипова. Медиа майталман

туындысының саундтрегіне Қайрат Нұртастың әнін таңдаған екен.

Гүлнұр Мамасарипова, продюсер:

Саундтректің кімге бұйыратыны әлі миымда жоқ. Ең басында «Сен мен емес» болған. Одан кейін ойланып-ойланып лексикалық тұрғыдан «Ол сен емес» деген кішкене жатық болды, әрі сондай ән бар. Бірақ, бұл Қайраттың әні фильмде қолданыла ма, қолданылмай ма ол әзірге белгісіз

Қайратқа бір өтініш тілектер айтылып, шықтыңыз ба байланысқа?

Әлі шыққан жоқпын, енді шығамын. Енді болады ғой өзің танымайтын, сөзің өтпейтін әншілерге байланысты болса, оны алдын-ала хабарласып сұрайсың ғой енді. Бірақ, Қайрат өзімнің інім, қаншама фильмдерімнің саундтрегін айтты, фильміме де түсті, қаншама жобаларыма келіп жүр. Сондықтанда: «Қайрат, мен ғой Гүл әпшең!» деп, бір ауыз айтамын жүрмін.

Кастқа таңдалғандар қатарында Елжан Халиуллин де бар. Жайдарман жұлдызы бұл жолы да ішімдікке салынған ауыл азаматының рөлін сомдамақ.

Елжан Халиуллин, актер:

Киімізpді әбден былғапты, иә? Түсірілім үшін

Бұл киім дейтін, бұның бәрін гримдегі қыздар,сахналық киім беретін қыздарға бәріне рақмет.

Бір болады ғой, кейіпкерді ақтап алу, мүмкін көрермен сіздің кейіпкеріңіз сияқты адамдардың жанын түсініп дегендей, сондай жұмыстар атқарылды ма осы образ үшін?

Бұл жерде күлдіру жағынан кетіп қалған сияқтымын. Маған тартпаңдар. Жалпы өмірлік әзілдер болатын сияқты. Ауылдарда осындай кісілер бар. Рсындай кісілерді көрдім ғой, күліп отыратын сияқтысыздар. Ауылдың ақкөңіл ағалары ғой

 

Ал бас антогонисті сомдау Жасұлан Әйтенге бұйырған. Кейінгі кездері тек жағымсыз кейіпкерлердің рөлі түскенімен, бұл образ актерді әлі шаршата қоймаған екен.

Жасұлан Әйтен, актер:

Кейіпкерім Абзал деген жігіт. Басты рөлдегі жігітке қарама-қарсы жүреді. Қасапшы мамандығы. Сол қасапшы жарыста таласып, оқ бойы озып жүрген жігітпін.

 

Картина үлкен экранға 2026-жылдың наурызында жол тартпақ. Бағасын беруді сіздердің еншіге қалдырдық.