Ербол Әлмұхан, актер:
– Аноним кім?
– Мен білмеймін, оқылым кезінде болмап едім.
Дидар Төлеген, актер:
– Мен десең, қалжыңдаймын мен емес…
Ермек Шынболатов, актер:
– Оны айта алмаймын. Оны соңынан білесіздер.
Аноним. Детектив жанрындағы, мектеп жайлы тұңғыш жоба. Туынды білім ордасындағы әлімжетітктен бастап, ғаламтордың шырмауына түскен талай жасөспірімнің мәселесін қозғамақ.
Ермек Шынболатов, актер:
– Сіздердің кезіндегі әлімжеттіктің формасы қандай еді?
– Ой бізде кәдімгідей әлімжеттік болды ғой. Бізде система болды. Бізде кәдімгі ақша жинау, анандай-мынандай, төбелес деген.
Ермек Тұрғанбек, актер, идея авторы:
– Жоқ. Менде болған жоқ. Менде ұрған жоқпын. Өйткені мен таяқ жеген жоқпын кезінде.
Дидар Төлеген, актер:
– Шынымен айта берейін бе? Біздің кезімізде мысалы 7-сыныпқа көштің, сен ресми сол системадасың, мектептің системасына кіресің. Бұған не жатады? Бірінші кезекте сыйластық жатады. Сыйластық, үлкендерге құрмет, оларды ана дәліздің түбінен көрсең де, барып амандасу.
Кастқа таңдалғандар қатарында Қамбар Нұрғали де бар. Веб-сериалдар арқылы көрерменге танылған жас актер бүгінде 9-сынып оқушысы.
Қамбар Нұрғали, актер:
– Қазіргі мектептегі әлімжеттіктің форомасы қандай? Әлеуметтік желі арқылы бопсалау ма? Әлде ұрып-соғу ма?
– Менің ойымша, қазір. Мен оқып жатқан мектепте ондай жоқ. Барлық жерде камера бар. Оқушылар ондай емес...
Оқиға желісі бойынша мектептердің бірінде аноним пайда болып, оқушыларды түрлі жолмен бопсалауға кіріседі. Идея авторы – актер Ермек Тұрғанбек. «3 жыл санамда сайраған ойды таспалауға асықтым»,- дейді продюсер. Ең қызығы, туынды желісі шынайы оқиғаға негізделген екен.
Ермек Тұрғанбек, актер, идея авторы:
– Рөліңіз жайлы айтып беріңізші?
– Әлішер деген кейіпкер. Басты детектив. Анонимді іздейді. Оған үлкен тапсырма келеді жоғары жақтан. Оның басты мақсаты осы ғаламтордағы анонимді табу.
Әділжан Шомбалов, актер:
– Енді қоғамдағы ащы шындық қой, мойындау керек қой. Ауруын жасырған өледі дей ма қазақ. Сондықтан да бұндай мәселелерді ашып көтермесе, мысалы жаңағы менің кейіпкерімдегі жігіттер, отбасыны ұмытып жүрген жігіттер осы сериалды көріп ойланады деп ойлаймын.
Әділжан Шомбалов сомдайтын кейіпкердің ұлын Дидар Төлеген ойнайды. Актерге фильмдегі рөлі ұнағаны сонша бұл жолы ашық сахналардан бас тартпаған көрінеді.
Дидар Төлеген, актер:
– Енді сұрағымды әбестік көрмессіз, 18+ сахналар бар ма?
– 18+ дейтіндей емес. Бірақ 1 сахна бар. Оны жаңағы партнерымен ақылдасып, сөйлесіп алғанбыз. Оқушылар ғой енді, артық кетпейді. Бірақ енді кәдімгі жаңағы сүйісу деген сияқты банально былайша айтқанда.
«Бір қарағанда мектептегі мәселені күйзегені, астары тереңде екен. Себебі «жемқорлық пен ақша жымқырғандардың да бейнесін көрсетеміз»,- дейді шығармашылық ұжым.
Тимур Мұхамеджанов, актер:
– Кейіпкерім майор шеніндегі қызметкер. Жемқор маман десек те болады. Таныс-тамырдың арқасында көтерілген.
Оқушылар мен ұстаздарды бопсалап жүрген аноним кім? Жасөспірімдер мәселенің шешімін таба ала ма? Суицидке жол беруі мүмкін бе? Жауабын қараша айында «Аноним» жобасынан біле аласыз.