Дәстүрге сай, Aport Mall West 16 жылдық мерейтойын қала тұрғындарымен бірге атап өтті. Сауда кешені бұл жолы да ауқымды ойын-сауық бағдарламасын ұсынды — концерттен бастап, серіктес компаниялар ұйымдастырған түрлі ұтыс ойындарына дейін. Мерекенің басты жүлдесі – кешен аумағынан бір бөлмелі пәтер болды.
Сабыр Жансагимов, «Aport» моллдары басшысының орынбасары:
– Биыл 2025 жылы Апорт Mall West-ке 16 жыл толып отырғанға біз үлкен бір пәтер ұтыс ойынын өткізіп жатырмыз. Осы Апорт Mall West-тің қасында орналасқан, жақын жерде. 10 мың теңгеден жоғары сауда жасап, чектеріңізді анықтама бөлімінен ауыстырып, купондарды лототронға салып, қатыссаңыздар болады. Пәтерден басқа біздің өзіміздің Апорт Mall-да орналасқан дүкендермен бірлесе отырып, сыйлықтар қосымша болады.
Гүлден Кульсеитова, ұтыс ұйымдастырушысы:
– Біз ауданы 35 шаршы метрді құрайтын пәтерді ұтыста ойнатпақпыз. Бұл — толыққанды бір бөлмелі пәтер, бөлек ас үйі бар. Комфорт-класс санатындағы баспана, ішінде тұруға барлық жағдай жасалған. Жалпы, 17 гектар аумақты алып жатқан кешенімізде 60-қа жуық тұрғынүй салу жоспарланған. Яғни бұл — өз инфрақұрылымы бар шағын қалашыққа айналады. Орта есеппен мұндай пәтердің құны 12-15 миллион теңгені құрайды.
Апорттың батыстағы орталығы ұйымдастырған ұтыс ойынына 70 мыңға жуық адам қатысқан. Көпшілік күткен басты сыйлық – Алматы қаласындағы 1 бөлмелі пәтердің кіміге бұйырғанын Апорт, әдетінше сахнадағы реквизит есікті ашу арқылы анықтады.
Элиталы пәтер Байтугузова Эльвира есімді тұтынушыға бұйырды. Айта кетейік, жеңімпаз бұл ұтысқа алғаш рет қатысқан.
Эльвира Байтугузова, пәтер жеңімпазы:
– Алматыда үйіміз жоқ, жалдамалы пәтерде тұрғанбыз. Мен қазір қатты толқып тұрмын. Өте қуанып тұрмын. Мұндай ұтыс болады деген ой мүлдем болмаған еді. Толқып тұрмын, даже не айтып, не қоярымды білмей тұрмын. Рақмет барлықтарыңызға, ұйымдастырушыларға.
Апорт молл өз тұтынушыларын қуантудан жалықпайды. Бағалы сыйлықтардан құр қалмау үшін, түбіртегіңіз үнемі қалтаңызда жүрсін!