Қуаныш Құдайберген «Жұмбақ қыз» картинасы үшін 20 келіге арықтаған!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Құсаинова, тілші:

Жұмбақ қыз» фильмінің премьерасындамыз! Басты рөлде Қуаныш Құдайберген, Ақнұр Рахат, Меруерт Кұлсартова. Толықметр махаббат үштігінің басынан кешкен шытырман оқиғалары жайында. Романтикалық комедияның кейіпкерлері кино үшін қандай тәуекелге барды? Бірге білейік

 

«Жұмбақ қыз» картинасы бүгіннен бастап көрерменге ұсынылады! Фильм желісі бойынша, актриса Ақнұр Рахат сомдайтын Айару есімді кейіпкер құмар ойынының құрбаны болады. Күйзелісте жүрген жақынына алаңдаған туыстары, оны ауылға жібереді. Алайда ол жақта да оны біраз «тосын сый» күтіп тұрады.

 

Толықметрде актер Қуаныш Құдайберген Айарудың ғашығын сомдайды. Бірақ бұл жолы халық үйреніп қалған антагонист рөлінде емес:

Қуаныш Құдайберген, актер:

Бұл жерде антагонистке мүлде қарама-қайшы, өте жақсы жігіттің образы. Махаббаттан страдать етіп жүрген сондай жас жігіттің образы. Сондықтан өзіме де бір ерекше қызық болды деп ойлаймын.

 

Қуаныш фильм үшін трансформациядан өткен. Продюсердің қатаң талабы бойынша, оған біраз салмақ тастау міндеттелген. Актер тапсырманы бұлжытпай орындап, үш ай бойы жаттығу залынан шықпай, дұрыс тамақтану режимін қатаң ұстанған. Нәтижесінде:

Қуаныш Құдайберген, актер:

Ақпан айының басында 87-90 кг болдым. Қазір сол 76-77 кг салмақ. Сонда 13-20 кгдай тастадым. Өзім қолданған лайфхак бойынша. бірінші газдалған сусындар, нан, қанттан бас тарттым. 2 апта қиналасыздар, одан кейін үйренесіздер.

 

Жоба үшін келбетіне өзгеріс енгізгендердің қатарында Ақнұр Рахат та бар. Актриса ол үшін лайықты еңбек ақы алған-ды. Алайда өнер иесі гонорарының құнын айтудан жалтарды.

Ақнұр Рахат, актриса:

Фильм үшін мен айтпақшы шашымды боядым. Ешқашан боямаған шашымды сары түске боядым. Енді бұл продюсердің бір кішігірім талабы болды.

Сол үшін лайықты гонорар алдыңыз ба?

Жоқ, мен оны айта алмаймын. Ол өте тайный информация.

 

«Жұмбақ қыз» картинасы - Ақнұр Рахатттың дебюттік жобасы. Актриса кейбір сәттерді шынайы көрсету үшін барын салған-ды. Тіпті қауіпті сахналарды каскадердің көмегіне жүгінбей, бәрін өзі орындаған көрінеді.

Ақнұр Рахат, актриса:

Шынымен барлық құлайтын сахналарда өзім құладым. Өзім бір білмеймін жанып кеттім «Мен өзім істеймін!» деп. Мені фермаға әкеліп тастайтын жері бар, сол кезде бұзаулардың қорасында тура боққа құлатын сахна болды.

 

Махаббат үштігінде жауапсыз сезімнің құрбаны Меруерт Құлсартова. Актриса Ақнұр секілді қауіпті трюктерді орындамаса да, өзін басқа амплуада көрсетуге тырысқан.

Меруерт Құлсартова, актриса:

Менің кейіпкерім Нұршат есімді ауылдағы байдың қызы. Өте сондай батыл, жаңағыдай қырсық, ерке қыз. Өзім үшін бір жаңа кейіпкер болды. Негізі менің кейіпкерімде жаңағыдай эмоционалды сахналар көп болды. Бірақ, жалпы мен жылауды қатырамын.

 

Жобада 100-ге жуық адам қызмет еткен. Айта кетейік, картинаның саундтрегін әдеттегідей әншілер емес, лентаның басты кейіпкерлері Қуаныш Құдайберген мен Ақнұр Рахат орындады. Актерлердің таңдауы - Дастан Оразбековтың репертуарындағы «Қандай болсаң да» әні.

Олжас Абай, актер, әнші:

Өте былай махаббаты бар екен ішінде, сезімі бар екен. Сезім бар жерде, махаббат жерде қызық қой енді барлығы. Әдемі әзілдері бар. Жалпы қазақ елінің барлық жастарын шақырамын. Көруге тұрарлық, өте күшті.

 

Фильм соңында Қуаныштың кейіпкері кімді таңдайды? Сөз байласқан қалыңдығы Меруертті ме, әлде сүйіктісі Ақнұрды ма? Махаббат үштігінің хикаясын толық көру үшін кинотеатрға асығыңыз, көрермен!