16. 000 қатысушы, 60 елден келген желаяқ, 1400 турист. 13 жылдық тарихы бар Алматы марафон биыл да әуесқой, әрі кәсіби спортшылардың басын біріктірді.
Салтанат Қазыбаева, race-director «Almaty marathon»:
– Қатысушылар саны бойынша биыл жаңа рекорд орнады. Бұл жыл басынан бері ұйымдастырылған түріктілдес халықтарға арналған марафон өз нәтижесі. Спорт мерекесіне келушілер санының артуына дәл осы Түркістан, Баку, Бішкек, Самарканд марафондарының ақпалы бар екені сөзсіз.
«Almaty marathon» қатысушылары (БАӘ):
– Біз Египеттенбіз, Дубайда тұрамыз. Осы шара үшін Қазақстанға арнайы келдік. Мұнда алғаш келуім. Өзімізді бақытты сезініп тұрмыз. Міндетті түрде әлі талай келеміз.
Шара ұйымдастырушылары қауіпсіздік шараларын жылда басты назарға алады. Биыл да жол бойында орналасқан медициналық бөлімшелер санын арттырып, жедел-жәрдем көліктерін көбейткен.
Салтанат Қазыбаева, race-director «Almaty marathon»:
– Біз биыл сайысты сергек камералары арқылы бақылауға мүмкіндік алдық. Жарыс толықтай мамандардың назарында, егер қандай да бір оқыс оқиға орын алса біз бірден шара қолдана аламыз.
«Спорт жас талғамайды»,-дейді 65 жастағы Тілеген Мұқан. 21 шақырымды бағындырған қарт мұнымен тоқтап қалмақ емес. «Келер жылы мәрені бұдан да аз уақытта кесіп өтуге ниеттімін»,-дейді.
Тілеген Мұқан, «Almaty marathon» қатысушысы:
– Осы спортпен айналысқаннан бері, 55 жасымда 2 сағат 12 минутта жүгіргем. Бүгінгі нәтиже:1 сағат 45 минут 15 секунд. Бұл үлкен мереке. Бұл халыққа өте пайдалы.
Ахмет Абдужаппардың бұл екінші марафоны. Желаяақтар жарысында көк туды серік еткен қатысушы мұның себебін былай түсіндірді.
Ахмет Абдужаппар, «Almaty marathon» қатысушысы:
– Ортасына қарай беріле салғың келеді. Туды сондықтан мотивация ретінде кием да. Ту құламауы керек, желбіреп тұруы керек деген сияқты.
14 - Almaty marathon нәтижесі мынадай. Украинадан келген Виталий Шафар 42 шақырымды 2 сағат 19 минутта бағындырып, 14-Алматы марафонның абсолютті чемпионы атанды. Ал Ресейлік Анастасия Деркач нәзік жанды қатысушылар арасында рекорд орнатты. Қатысушы мәреге 2 сағат 19 минутта жетті.
Анастасия Деркач, «Almaty marathon» қатысушысы:
– Осы сайысқа ұзақ дайындалдым. Айта кету керек, бүгін күн ыстық болды, бұл әрине физикалық жай күйіме әсер етпей қоймады. Содан да болар нәтиже мен күткеннен сәл басқа. Бірақ қолымнан келгеніне қуаныштымын.