Еңбегі ерен еріктілер! Almaty marathon-да табан тоздырған волонтерлер уәжін жеткізді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Салтанат Қазыбаева, race-director «Almaty marathon»:

Мұндай ауқымды шараны – еректілер көмегінсіз ұйымдастыру мүмкін емес. Студенттер, оқушылар, тіпті қарттар да бізге көмекке келді. Бұл қуантады. Олар марафонның барлық аймақтарында бар. Әрқайсысына жауапты жұмыс тапсырдық.

 

Алтынай 4 жылдан бері Алматы марафонда ерікті қызметін атқарады. Шарада қаржысыз қызмет етуінің себебін былай түсіндірді.

Алтынай Кенжебек, ерікті:

Негізі осы сұрақты бізден кез-келген адам сұрайды. Себебі, қалай сіздер түнгі 3-тен бастап осылай түске дейін жүресіздер, шаршамайсыздар және де бұның бәрі тегін болғандықтан, сіздерге бұл не мотивация береді. Ең бірінші мотивация ол сертификат. Әрбір волентерға осы Almaty marathon кезекті жарыстары өткізілгеннен кейін, сертификат беріледі, халықаралық сертификат. Және де бұл эмоциямен керемет тәжірибе. Нетворкинг дейді ғой тағы да.

 

«Еріктілік қызмет – жас талғамайды»,- дейді Алтынай. 16 жастан асқан кез-келген адам волонтер болуға ұсыныс білдіре алады екен. Солардың бірі – 61 жастағы Лейли Мұқашева.

Лейли Мұқашева, ерікті:

Марафонға жыл сайын қатысамын. Биыл ерікті болып жүргеніме 9-жыл. Ұйымдастырушыларға көмектесуден аянған емеспін. Біз болмасақ, олар үлгермейтіні анық. Өз қызметіммен мақтанамын. Қазір желаяқтарды марапап, медальдарын табыстаймын. Мен үшін бұл- мәртебе.

 

Таңнан табан тоздырып, маңызды шараның ұйымдастыруға ат салысқан Лейли ханым айтар уәжі бар екенін жеткізді.

Лейли Мұқашева, ерікті:

Қызметіміз қиын емес. Десе де құлақ асар адамдар болса айтарым бар. Волонтерлерге мейірімділік танытып, құрметпен қараса деймін. Қанша дегенмен, біздің еңбекті ұмытпағайсыздар.

 

Марафон қатысушыларына дем беріп, қолдау көрсетемін десеңіз, еліміздегі маңызды шараның бөлігіне айналғыңыз келсе, еріктілердің қатарына қосылыңыз, көрермен.

Алтынай Кенжебек, ерікті:

Тек қана бәріміз бірігіп, елімізді, жерімізді жақсартайық және де осындай керемет өзіміздің отандық іс-шараларымызды бірге мықты ұйымдастырып, шетелдік аренаға шығайық бәріміз бірге.