Real Madrid Алматыда! Әуежайдан басталған ажиотаж стадионға жетті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлназ Қалмұртова, жанкүйер:

Біз тіпті сұранып келдік, қонақүйде орын жоқ болды. Тіпті, 250 мыңға бір күнге алушы едім.

 

Ал Сания Мбаппені көруге асық. Әуежайда 3 сағат табан тоздырған ару енді қонақүйдің алдын торуылдауда.

Сания Ербол, жанкүйер:

Кеше біле салысымен постерлерімді әзірлеп, мынаны сатып алып, ал мына ойыншықты Мбаппе жақсы көреді. Бірден ұялы телефоныма тапсырыспен арнайы қап алдым. Өзімнің суретіммен, жасанды интелектпен жасалған.

Мен Мбаппенің 2019-дан берің жанкүйерімін. Мен оны алғаш рет оны Мәскеуде өткен лигада көрдім, тірідей.

 

Сүйікті футболшысы үшін талай шетел асқан жанкүйер бүгінгі ойынға билет алу үшін 3 сағат кезек күткен.

Басты сұрақ. Ертеңгі тарихи ойында Қайраттың жанкүйері боласыз ба? Әлде Реал ма?

Қайрат Фк-ның жанкүйері боламын, әрине... Өте қиын сұрақ, бірақ Қайрат, Қайрат...

Мына жейдені Қайраттың формасын ауыстырасыз ба?

Білмеймін, мен форма осы қалады, бірақ Қайрат шарфын аламын!

 

20 жылдан бері Реалға жанкүйер болған Нұржан бүгінгі ойын үшін Павлодардан келген екен.

Нұржан Назымбек, жанкүйер:

Билет сатып алдыңыз ба?

Иә, бірақ алыпсатарлардан алдым

Алыпсатарлардың құрбанысыз ғой демек, қангшаға алдыңыз?

Негізі 70 мың, бірақ мен 150 мыңнан алдым.

Дүрия Қыдырбек, тілші:

Реал Мадрид клубының ойыншылары келіп тұрақтаған қонақүй алдындағы абыр-сабырды сөзбен жеткізу мүмкін емес. Жүрегім қайрат деп соқса да сүйікті футболшымызды көруге асықпыз дейді мұндағы жанкүйерлер. Тарихи ойынның басталуына санаулы сағат қалды. Жеңіс кімге бұйыратыны беймәлім. Десе де Қайрат алға дейміз.