Рамазан Амантай, кинопродюсер:
– Бұл фильмнің атауын да бірлесіп таңдадық бірлесіп. Бірақ енді «Джунглилау» деген өзі Қайсардың танымал сөзі ғой. Мемге айналып кеткен.
Фильм желісі бойынша, әлеуметтік желідегі танымалдылығын жоғалтқан Қайсар сарқырамаға секіремін деп видео жариялайды, бейнетаспа күтпеген жерден шамадан тыс көп қаралым жинайды. Оқырман жалғасын талап етеді. Кейін блогер достарымен бірге құпия сарқырамаға аттанып, нәтижесінде бұл саяхат хайп қуғандардың өмірін түбегейлі өзгертеді.
Рамазан Амантай, кинопродюсер:
– Жалпы енді Қайсарды көремін деп келген адамдар, олар енді үлкен дүние бір ауыр, трагедия, сондай бір айтары бар туындыны көреді.
Рамазан Амантай трендтен қалмайын деді ме, кезекті толықметрін фембикелерге арнаған. Картинада әзіл арқылы нәзік жандыларға да үндеу жасадым, дейді кинопродюсер:
Рамазан Амантай, кинопродюсер:
– Сол қазіргі хит болып жатқан енді әйелдер тақырыбы бар ішінде. Әйелдерге де «Эй әйелдер, ойланыңдар!» дейтін нәрселер бар.
Десе де, өнер иесіне аяғын аңдап басу керек сыңайлы. Себебі, елімізде медиа-кэнселге ұшырау оп-оңай. Айта кетейік, кинопродюсер Вьетнамда таспаланған фильміне әжептеуір шығындалған.
Рамазан Амантай, кинопродюсер:
– Фильмнің бюджеті 250 миллион болғаны рас па?
– Рас. Әбден рас.
– Ең көп гонорарды кім алды?
– Ең көп гонорарды енді ең басты рөл ойнаған адам алған шығар.
Шығармашылық құрамға шетелдік актер да қосылды. Бас кейіпкерді сомдаған Тауасар түсірілімнен кейін Қазақстанда тұрақтауға шешім қабылдаған екен.
Tauasar, актер, (Намибия):
– Мен Қазақстанда қалып, осында бейімделемін деп ойлаймын. Себебі қазақ халқымен бір отбасыдай болып кеттім. Бұл елде сезінген жылулық пен махаббатты өз жерімнен ешқашан сезінген емеспін.
Серік Ибрагимов, әнші, кинопродюсер:
– Фильм күшті ұнады. Жеңіл комедия. Келіңіздер. Көріңіздер. Қазақ киносы жылдан жылға дамып жатқанына өте қуаныштымыз.
Ерболат Әлқожа, актер:
– Бұл кинода мен Қанат бауырыма жақсы баға беремін. Актерлік шеберлігі, бүкіл команданы алып шығу, өзімен ерту и залдағы адамдарды соның әзілдеріне ұстап тұру.
– Басқаларына?
– Қалғандары енді кинода тәжірибесі жоқ екені көрініп тұр.
Дастен Шәкіров, актер:
– Фильм жақсы. Өте қызықты. Халыққа қызық болады деген ойдамын.
Нұртас Айдарбеков, Қ.Нұртастың әкесі:
– Бас жағы шынымды айтайын іш пыстырарлық болды. Бірақ ортасынан аса өте көңілді болып кетті.
Гүлзира Айдарбекова, Қ.Нұртастың анасы:
– Әрине. Керемет отырып демалдық. Енді қалай айтсам болады, көңіл көтеретін сондай керемет кино болды.