Медет Жаңғабай, блогер:
– 5 жылдық тарихы бар жоба деп жатырмыз ғой. Ең алғашқы түсірілім қашан және қай жерде болды?
– Осы Талғар қаласында болды, 2020 жылы күзде басталды. Ең алғашқы бюджет 30 мың теңге болатын.
Нұрдаулет Жұмаев, блогер:
– петличка деген нарсе керек екен ғой. Олар болмады бізде. Свет те болмады. Үйден лампа алып алғанбыз.
Жоба авторлары көрерменге жайдарман ойындары арқылы танылған «Как будто» командасы. Жігіттер сериалды толықметр ретінде таспалауды арман еткенімен, идеяны іске асырауға Рамазан Амантай кіріскен.
Нұрдаулет Жұмаев, блогер:
– Іште бір өкініш жоқ па, жоба көрерменнің көңілінен орын алған кезде өздеріңіз таспалай алмай жатқанға немесе бір..
Өкінішін жасыра алмады ма әлде сауалым шамына тиді ме білмеймін, әйтеуір, сұраққа жауап беруден бас тартты. Сыныстастың тұрақты көрерменін толғандырған дәл осы тақырыпты Медет Жаңғабай тереңінен түсіндіруге қарсы болмады.
Медет Жаңғабай, блогер:
– 2 жыл бұрын түсіреміз дегенбіз негізі. Өте көп уақыт жоғалтып алдық командамен жүріп. Солай мүмкіндік келді кино түсіруге. Рамазанның ұсынысымен кино түсіремін деп жүр едіңдер ғой, қолдау берейін, бірге түсірейік деп бастап кеттік.
Енді «Сыныптастар» соңғы қоңырау толықметрінің желісіне тоқталайық. Бас антогонисті сомдау Нұрдаулет Карловқа бұйырған. «Түңгі жарық» әнімен танылған сері алғашқы рөлі үшін біраз құрбандыққа барған екен.
Нұрдаулет Карлов, әнші:
– Шашымды алдырдым, мына жерге тыртық салдырдым. Салмақ тастадым. 6 кг тастадым.
Кастқа таңдалғандар қатарында Рүстем Жаныаманов та бар. Актер бұл жолы үйреншікті емес, өзгеше образда бой көрсетеді. Күйзелісте жүрген кейіпкерді сомдау өзіне де әсер етпей қоймаған екен.
Рүстем Жаныаманов, актер:
– Кейіпкердің көкейінде үлкен өкініш жатыр. Ауыр күйселісте деп айтсақ болады. Жылап түстік кешенің арғы күні. Драмалық сахна болды.
«Сыныптастар» – оқушы шағыңызды еске салып, партада отырған күндерге саяхаттауға мүмкіндік береді дейді шығармашылық ұжым. Ендеше ностальгиялық әсерге бөленгіңіз келсе, осы айдың соңында көрерменге жол тартады