Say Mo, рэпер:
– Мен мұны негізінде өмір бойы армандадым! Менің үлкен ұжымымның болғанын, тек Алматыда ғана емес, өзгеде өңірлерге бару. Мен сахнаны қалай жақсы көретінімді білсеңіздер ғой! Көзіме жас келіп, сондай енді эмоционалды адамбыз. Сондықта үлкен аренаны жинай аламын деген үмітім бар!
Музыкант сөз арасында декреттік демалыс туралы тілге тиек еткені сол еді. Елең еткен құлақ мән-жайды анықтауға асық болды.
Say Mo, рэпер:
– Декретке шығып кетпесем дедіңіз?
– Иә, бұл әзіл ғой. Әр жылы бір-бірден жасайсың ғой. Келесі жылы мысалы Алматы аренаны алсам, содан кейін стадионды алсам, содан кейін енді 2-3 жыл енді жасым 30-дан асады ғой, туатын кез келетін шығар енді. Бірақ әзіірге жоспарымда да жоқ, өзімде қаламаймын. Дәл қазір істеп жатқан дүнием ұнайды.
Сүйіктісін жұрт көзінен жасырын ұстайтын өнерпаздың қазіргі мақсаты әлемдік аренаны жинау. Сондықтан, әзірге үлкен тойдың ауылы алыс көрінеді. Дегенмен, Мөлдір саханадағы ең ауқымды мерекесінде сізді күтеді.
Say Mo, рэпер:
– Say Мо ешқандай шоусыз шықпайтынын білеміз. Осы концертте ешкім күтпеген қандай да бір коллаб немесе ерекше нәрсе бола ма?
– Шоуды әзірлеп жатырмыз. Бірақ, мен мына жерде айтып қойсам, оның несі қызық болады мысалы? Сіз де күшті қояды екенсіз сұрақты. Әртістердің арасында бізде 6elucci бар, HIRO, Ayau, және де Alem болады.
7 қарашадан бастау алатын концерттік тур тек Қазақстан емес, сонымен қатар шекара асып Бішкек пен Ташкентте де өтпек. Ендеше, түрлі эмоцияға толы шоуды жіберіп алмаңыз көрермен.