Жақында ажырасқан Асель Садвакасова кино мансабын қайта қолға алмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазір Қазақстандық киноиндустрия апта сайын жаңа туындымен толығып жатыр. Мақтанарлық жайт. Бірақ 10 жыл бұрын тенденсия басқаша еді. Естеріңізде болар, 9 фильм прокатқа шықса тек біреуі ғана өзіміздің отандық өнім болды. Ал сол тұста алғашқылардың бірі болып толықметр таспалаған Асель Садвакасова.

 

Кино кеңістіктен 7 жыл үзіліс алған актриса продюсерлік мансабын қайта қолға алатынын хабарлады.

Асель Садвакасова, актриса, кинопродюсер:

Мен бұл салада 7 жыл бұл индустрияда болмадым, бәрі өзгеріп кетіпті...Менде киноиндустриядан детокс болды. Мен продюсер ретінде ғана емес, көрермен ретінде де демалдым. Осы аралықта өте аз туындыларды көрдім. Бірақ қазір қайта қарап, нарықты зерттеудемін.

 

Жас жігітке тұрмысқа шығып, 9 ай бұрын ажырасқан актрисаның өмірін көрермен жіті бақылап отырғаны жасырын емес. Осының бәрін ескере келе толықметрінде өз өмірін суреттер деп ойлағанбыз. Алайда әзірге қай тақырыпты қаузайтыны белгісіз екен.

Асель Садвакасова, актриса, кинопродюсер:

Келер жылы өз жобамның түсіріліміне кіріскім келеді. Нақты мына тақырыпты қозғаймын деп айту ерте. Себебі идея да, жоспар да көп. Қазір таныстарыммен қайта кездесіп, ой толқы жүргізіп жатырмын. Күтіңіздер!