Sabirkin, стендапер, блогер:
– Менде осы стендапқа деген қызығушылық бұрыннан бар. Бірақ менде неге екенін білмеймін. Сол қалауымды жүрегімнің түбіне бір неге матаға орап салып қойған екенмін шығармай. Білмеймін, уайым болды ма…
– Камераға сөйлеу ол бір бөлек. Ал енді оффлайн көрерменмен байланыста болу ол мүлдем бөлек тәжірибе. Сондықтан да үлкен жауапкершілікті сезіндіңіз бе?
Sabirkin, стендапер, блогер:
– Әрине. Уайым бар, қобалжу бар. Оффлайн халықпен сөйлесіп тұрған сәт те неше түрлі дүние болып қалуы мүмкін. Материалың естен шығып кетуі мүмкін. Жай қобалжығаннан сөйлей алмай қалуың мүмкін. Сол себепті, әрбір шығу ол стресс, уайым.
– Сіз стресіңізді қалай бастыңыз?
– Стресімді халықтың ықыласымен бастым.
Стендап сахнасында өнер көрсету Сабираның бұрыннан ойында болса да, оның нақты жүзеге асуына әріптестерінің ықпалы көбірек болған көрінеді.
Sabirkin, стендапер, блогер:
– Жансерік, Ғалымжан бар. Жансая құрбымда бар. Ол да стендапер білесіздер. Маған мотивация берді. Маған күш жігер берді.
Десе де, блогерге бірінші қолдау білдіріп, жігерлендірген жан-жары екен. Сабиркиннің стендапер боламын деген шешіміне Алмас мырза бірден құба құп келіскен.
Sabirkin, стендапер, блогер:
– Жалпы кез-келген идеямды Алмас қолдайды. Бұл қалауыма да бірден екі қолмен қолдау көрсетті.
Сабираның өнерін көруге жиналған халық арасында блогердің жаңа қадамына түрткі болған достарын көрмесек те, стендап-комик Руслан Тайды көзіміз шалып қалды.
Руслан Тай, стендап-комик:
– Бастаған кезде көп адам қорқады. Сабиркинде ешқандай қорқыныш болған жоқ артықшылығы. Материал жағынан келетін болсақ, ойлары әдемі күшті.
Сабираның стендап сахнасындағы алғашқы монологы декреттегі аналар жайында. Дәлірек айтқанда, өзінің басынан кешкен оқиғалары. Актриса бұл манифестін 1 жыл дайындаған екен.
– Біздің жалпы қоғамда көбінесе жара дейді ғой. Декреттегі аналардың уайымы. Сол дамымай қалу, үйде отырып қалу, жұмысқа шыға алмай қалу, баламен байланып қалу.
– Жастымыз. Сосын түсінем де. Барлық несі маған келіп тұр да. Әзілдері бәрі келіп тұрған соң маған ұнады өте.
– Кейбір эмоцияларды қосып, андай жандырып жіберсе ол материалы өте әдемі Сабиркиннің негізінде.
Сабираның сахнаға шығудағы басты мақсаты нәзік жандылардың, әсіресе көп балалы аналардың мұңы мен сырын ашып айту, оларға мүмкіндігінше қолдау көрсету. Ендеше, жас стендаперге сәттілік дейміз!