Сүйінші! Көрермен асыға күткен «Мошенники» телехикаясының 2-маусымы таспалануда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мөлдір Нұрғалиқызы, тілші:

Сақ болыңыз! Алаяқтар өз жұмысын қайта бастады! НТК арнасы ұсынған, көрерменнің сүйікті телехикаясы «Мошенники», кезекті маусымының түсіріліміне кірісті! Тәрелке сындыру рәсіміндеміз!

Екінің бірі алаяқтардың құрығына түскен заманда бұл сериал көптің көзін ашып, халықтың алданбауына көп көмегін тигізген еді. Әр бөлімі ютуб хостингінде 2-3 миллион қаралым жинап, телехикаяның кезекті маусымына сұраныс артты.
Рүстем Омаров, сценарий авторы, актер:
– Алаяқтық — бұл адамдардың азабы ғой. Өйткені олар халықты алдайды. Сол үшін біз жаңа жағдайларды, түрлі тәсілдерді зерттеп жүрміз. Негізгі мақсатымыз — халыққа көрсетіп, олардың сақтанып жүргенін қалаймыз. Ең бастысы — адамдардың алданбауы.
Олжас Нұрбай, режиссер:
Алдау тәсілдері аяқталмайды ғой. Жаңа алдау жүйелері ай сайын шығып жатыр. Халық ай сайын зардап шегіп жатыр. Сондықтан олар барда біз бармыз ғой.


 

Бұл жолы аталмыш телехикая әлемдік аренаны қамтымақ. Яғни түсірілім жұмыстары Ресей мен Түркия, сондай-ақ ТМД елдерінің кейбір аймақтарында өтеді. Тіпті танымал шетелдік актерлер де жобада бой көрсетуі мүмкін.
Олжас Нұрбай, режиссер:
Әзірге айта алмаймын кім екенін. Масштабы үлкенірек. Енді айтарлықтай үлкенірек деп айтуға болады. Барлық жағынан.
Рүстем Омаров, сценарий авторы, актер:
– Негізі ол тек Қазақстанның проблемасы ғана емес, бүкіл әлемнің мәселесі!


 

Режиссер Олжас Нұрбай әуесқой актерлермен жұмыс істеудің нағыз шебері. Эксперименттен қорықпайтын ол шығармашылық құрамды 90 пайызға өзгерткен. Тіпті ашық кастинг жариялап, 6000 қатысушыдан 500 актер іріктеп алған.
Әділет Базарханов, актер:
– Олжас Нұрбаймен бірінші рет жұмыс істеп тұрсыз ғой. Қандай режиссер екен?
Өте күшті адам негізі. Осыған дейін білетінмін негізі. Таныстардан да естігенмін. Күшті адам екенін. Қазір де мысалы сөйлесіп көрдік, былай айтқанда күшті.
Идея авторлары көрерменнің назарын ұстап қалу үшін көп ақпаратты құпияда сақтауды жөн санайды. Бұл жолы қандай алаяқтықтың түрі ашылатыны да беймәлім. Ұзын құлақтан естігеніміз бойынша, жасанды интеллектің қыр-сырлары жақыннан көрсетілмек.
Рүстем Омаров, сценарий авторы, актер:

АФМ-де көмектесіп жатыр. МВД, КНБ бәрі көмектесіп жатыр.

 

Сценарийі 7 ай бойы жазылған криминалды драманың түсірілім жұмыстары 1,5 айға жоспарлануда. Жоба авторларынан кейіпкерлердің оқиға легі қалай өрбитінін сұрап көрдік.
Олжас Нұрбай, режиссер:
– Оны енді айта алмаймын ғой мен. Спойлер болып кетеді ғой. Бірақ тосынсый бар көрермендерге арналған. Драмаға көбірек көңіл бөліп жатырмын.


 

Түрлі авантюраға толы телехикая соңы толықметрмен жалғасуы әбден мүмкін. Бірақ бұл жоба осымен аяқталады деген сөз емес. Алаяқтықтың жаңа түрлерін ашып көрсететін «Мошенники» 2-маусымы келер жылы жарық көрмек. Ендеше, НТК арнасы қосулы болсын көрермен!