«Концерттен бас тартамын!» деп ойладым. Толқын Забирова неге жоспарланған кешін кейінге қалдырмақ болды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бағым Мұхитдинова, музыкалық продюсер:

Толқын, сен бүгін мүмкін емес нарсені жасадың. Сен қиындыққа сынбадың. Анаңа кеш арнадың. Жарайсың, мен сенімен мақтанамын. Шыны керек, қолынан келмей ме деп ойладым, бірақ ол сахнаға шыға алды.

 

Республика сарайында ине шаншар орын жоқ. Тыңдарманы, әріптестері мен жақындары құшақ гүлдері мен жылы сөздерін аямады. Қолдай келгендер қатарында 2 млн оқырманы бар блогер, Толқын ханымның болашақ келіні Кинг Сара да бар.

Kiing Sarah, блогер:

Ол кісінің басынан қиын жағдайлар өтті ғой. Қазір қалай сөйлестіңіз бе? Сол туралы айтып өтсеңіз.

Бұл кешке дайындалу ол кісіге оңайға соқпады. Тіпті дауысы шықпай қалды. Бірақ бәрі қалпына келді. Барлық октавада еркін ән сала алады. Сондықтан бүгін көрерменін қуантатыны сөзсіз.

 

Толқын ханым келіні айтқандай, көрерменнің де сенімін ақтады. 2 сағат бойы жанды дауыста ән салды.

 

Толқын Забирова, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:

Менің екінші анам бар емес пе Бибігүл Ахметова Төлегенова. Сол кісі бірден айтты: «Әй, қарағым, сен қой мұндайыңды. Басыңды көтер, өзіңді қолыңа ал. Мамаңа арна. Ол қасыңда көзбе-көз отыромаса ол кісі саені қолдайды. Мен сені қолдаймын!» - деп.

 

Сөзінде тұрды. Кешке келуіне арба да, жасы да кедергі болмады. Аңыз адам сахнаға шыққаны сол еді көрермен орынан атып тұрып қошемет көрсетті. Қолдаудан шабыт алса керек, өнердегі қызымен әндете жөнелді.

 

Толқын ханым new school өкілдерімен де әндетті. Таңдауы Тұрарға түскен екен.

Тұрар Ыдырыс, музыкант:

Медеу ағамыз айтады: Калифорниямен ән айтқым келген келіспеді. Сәкен аға Мираспен дуэт жазғысы келген, бұйырмапты. Бірақ, Тұрар аға буын өкілдеріне жоқ демейтін сияқты. Неге?

Қалай жоқ дейсің? Ондай адамдарға, қалай айтсам болады. Мен үшін құрмет қой ол. Кейін айтып жүрем Толқын Забированың концертіне шыққам, Мақпал ханыммен ән айтқам деп..

 

Жұбаныш Жексенұлымен де дуэт айтты. Танымал скрипкашы Жамиля Серкебаеваның сүйемелдеуімен де ән шырқады. Бұл концерт нағыз кәсіби мамандар бас қосқан кеш десем артық айтқанымыз емес.

 

Толқын ханым кеш бойы өзін уайымға жеңдірмеді. Бірақ концерттен соң тағы да көз жасына ерік берді..

Мен үшін үлкен мәртебе. Үлкен бақыт, анамның жоқтығын білдірмей Бибігүл Ахметова мені қолдағаны. Рақмет