Жұлдыз Өмірғали «Назад в 90-ые» картинасында өзін сомдағаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Мөлдір Нұрғалиқызы, тілші:

Уақыт машинасымен өткенге оралуға мүмкіндік берілсе нені өзгертер едіңіз? Ал Жұлдыз Өмірғали әкесінің өмірін құтқаруды таңдайды. Шытырманға толы «Назад в 90-ые» фильмінің премьерасындамыз.

Тек ертерек үйленуші едім.
– Сабақты жақсы оқыр едім негізі.
– Өзгертсем, мұндай болмайтын едім да.

Сюжет желісі бойынша физика пәнінің мұғалімі Арман телепортацияға арналған құрылғы ойлап табады. Ол сүйіктісі Гауһарды таңғалдыру үшін, оны ұмытылмас саяхатқа аттандыруды армандайды. Алайда бұл тәжірибе сәтсіз шығып, екеуі өткен заманға түсіп кетеді. Картинаның басты рөлінде Еркебұлан Тоқтар мен Жұлдыз Өмірғали.
Жұлдыз Өмірғали, актриса, әнші:
– Мына фильмдегі жаңағы кейіпкердің өткенге оралған сәттегі қайтарғысы келгені, екеумізге ортақ болды. Ол әкеміздің дүниеде... Мен жылаймын… Неге менің жылағым келіп отыр? Енді мені түсінесіздер. Көрген адам түсінеді.


 

Актриса фильмде өзімді сомдағандай болдым дейді. Тіпті сценарийді оқығанда ештеңеге қарамай бірден келісім бергенін жеткізді.
Жұлдыз Өмірғали, актриса, әнші:
– Кастингіне шақырған кезде де маған айтқан осылай болады деп. Сол уақытта менің әкемнің туған күні болды. Бір-екі күн бұрын. Содан кейін мен оны ойлап жүрдім. Және осындай сценарийге ұсыныс түскеннен кейін айттым: «мен ойнап шығамын, мені алыңызшы», - деп.

Дегенмен, Жұлдыздың актерлық ойынын сынға алатындар қатары көп көрінеді. Актриса біздің үнтаяқшаны пайдаланып, хейт жазатындарға жауап берді.
Жұлдыз Өмірғали, актриса, әнші:
– Жас қыз ойнаса, басы бос қыз ойнаса, баласыз қыз ойнаса, бүйтсе деген сияқты сөздер жиі естіп жатамын. Сонда қыздың жаңағы ғұмыры 17 жаста сен жоғарғы оқуға түсесің, одан кейін 21-де бітіресің. Сонда бір жылдың ішінде сен басы бос, жолдасы жоқ, баласыз деген сияқты сондай фильмдерде түсіп үлгеру керексіз ба?
– Сізге хейт жазған кезде қалай төтеп бердіңіз ол нәрсеге?
Енді бір кезде жылап аламыз. Бір кезде жыным ұстайды. Бір кезде аламын да бәрін блокқа тығып тастаймын. Ну көбінесе блокқа тығып тастаймын мен. Маған артық не жазудың қажеті жоқ десең. Ертең бекерден бекер қара тізімге еніп қаласыздар.


 

Гауһардың бала кезін ойнау жас актриса Сырғалым Бектенқызына бұйырған. Кішкентай арудың айтуынша бұл оның өміріндегі ең ерекше туынды.
Сырғалым Бектенқызы, актриса:
– Бұл менің әлемдегі ең үлкен, ең керемет жұлдыздармен кездескен туындым. Жұлдыз Өмірғали ол менің сүйікті актрисам. Мен оны көремін деп мүлде ойлаған жоқпын. Көрген кезде әрине қатты қуандым.


 

Актерлық құрам Қуаныш Құдайберген, Лаура Мырзахметова, сондай-ақ Қуантай Әбдімәдиді сынды талантты өнерпаздармен толыққан. Алайда үшеуі де бұл жолы мүлдем басқа амплуада көрінеді.

Аталмыш фильмді «Zamanback» толықметріне ұқсатып жатқандар көп. Ал картина режиссері ол лентаны көрмегенін, Серік Ибрагимовтың комедиясына мүлде ұқсамайтынын жеткізді.
Асар Абулхаиров, режиссер:
– Біздің фильм әдеттегі комедия немесе кәдімгі шытырман оқиға деуге келмейді. Бұл, көбіне, драма жанрына жақын. Бірақ оның ішінде фантастика элементтері де, шытырман оқиғалар да, комедия, бәлкім, кей жерлерде экшн де бар. Алайда мен үшін ең бастысы — әке мен бала арасындағы байланысты ашып көрсету болды.


 

90-шы жылдардың өмірін суреттейтін фильм бүгіннен бастап үлкен экранда. Ал комедиялық драманы алғаш болып көргендердің пікірі мынадай.
Азиз Абилов, актер:
– Толықтай ұнады киноның өзі. Мағынасы өте терең. Әке мен қызының махаббаты.
Бекзат Жүнісов, актер:
– Мен екінші рет көргенде мүмкін басқаша көретін шығармын. Қазір анандай болып тұрмын. Қобалжып отырып көрдім ше шынымен.
Олжас Әлжан, актер:
– Жалпы осындай қазіргі стилистика негізі қайтадан баяғы 90-шы жылдар, баяғы заманға қайтып келу, немесе болашаққа бару ол тренд қой. Жалпы кино өте бір мағынасы бар жобалардың бірі болып шыққан екен. Өте ұнады.