Жахан Отарғалиев, актер:
– Алғашқы әлемдік деңгейдегі жоба, алғашқы драма. Өзім үшін өте қызық. 2 жыл үзілістен кейін осындай керемет дүние болып жатыр өмірімде. Бір 24 сағаттай ұшамын енді.
– Американың өзіне 12 сағат қана ұшамыз ғой. Қайда бара жатсыз?
– Былай-былай бірнеше аялдама, бірнеше рейспен дегенім ғой
Бірнеше шақырымды артқа тастап, Жахан Латын Америкасынан бір ақ шықты. «Оқымаған актер» екенін үнемі еске салып отыратын ол, шетелдік фильмге бірден шақырту алғанына өте қуанышты.
Жахан Отарғалиев, актер:
– Шынымен де бағым жанып кетті. Себебі, Қазақстаннан қазақ актер, қазақ болып ойнау керек болғандықтан бірнеше актерлерді қараған. Өтетініме де сенген жоқпын. Оқымасақ та енді тәжірибеміз бар ғой енді. 10 киноға түстік, соны көрсетуіміз керек болды. Және де бұл проектте мен жалғыз өзім емес, тағы бір қазақ бауырым бар. Кел мында кел.
– Ассалаумағалейкум!
Бүкіл Қазақстан сені НТК телеканалы қарап отыр. Бәріне сәлем жолдап жібер.
Абылай Айнабеков, актер:
– Ассалаумағалейкум, құрметті достарым. Осы «Нелегал» деген шынымен көріңіздерші по-братский. Көп просмотр жинасын да мынау құрсын.
Жобаның аты «Нелегал». Бұл қырғызстандық режиссер Руслан Акунның екінші толықметрі. Сондай-ақ, лентаның басты рөлінде «Пейіш» картинасының бас актері Эмиль Эсеналиев те бой көрсетеді.
Эмиль Эсеналиев, актер (Қырғызстан)
– Ассалаумағалейкум бір туғандарым. Бұйырса Жахан байкемен, біздің Абылайхан, Рауан да бар. Жахан байкенің бірінші күні бүгін, бұл жерде. Біздің лентамыз Қырғызстанда, Қазақстанда, ТМД көлемінде халықаралық жоба болады деп сенеміз. Фильмде қырғыз-қазақ достығын, біртуған ел екенін көрсетпекпіз.
Әлемдік аренаға шығатын картинада Жахан Отарғалиев қаламақысына да мән берген. Елімізде түсірілген жоба болса, «қазақпыз, бауырмыз!» ғой деген сылтаумен арзанға келісетін едім дейді ол.
– Гонорар жағынан қалай келістіңіз?
– Шынымды айтсам, сұрағанымды берді. Ренжіткен жоқ. Айта алмаймын енді оны. Ұят болар мына жерде ақшаны айтқан.
– Бір көліктің құны бола ма?
– Бір көліктің, бірақ қандай көлік дегендей… Қытай көлікке жетеді.
Драмалық картина 2026 жылдың көктемінде үлкен экранға жол тартпақ. Ендеше, Жахан Отарғалиевті тек комедия емес, басқа жанрда, өзге амплуада көргіңіз келсе, мархабат!